Тақырыбы: Домбыра |
Мектебі: «Астрахан №2 орта мектебі» | |||||
Күні, айы: 24 ақпан |
Мұғалімнің аты-жөні: Тажина Дана Бақытжанқызы | |||||
1-сынып |
Сабаққа қатысқан оқушылар саны: 1 «А» - 12 |
Сабаққа қатыспаған оқушылар саны: 1 «А» -- | ||||
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты |
1.1.5.1. Қимыл-қозғалыс, сұрақ қою, қысқа жауап арқылы тыңдаған/көрген мәтінді түсінгенін білдіру. 1.2.2.1. Сурет бойынша 2-3 сөйлеммен өз ойын білдіру. 1.4.4.1. Бас әріптер мен кіші әріптерді және оларды бір-бірімен дұрыс байланыстырып жазу; санитарлық-гигиеналық талаптарға сай жазу. 1.5.1.4. Мұғалімнің көмегімен сөйлеу барысында сілтеу есімдіктерін дұрыс қолдану. 1.5.1.3. Сөйлеу барысында мұғалімнің көмегімен етістіктің шақтарын қолдану. | |||||
Сабақ мақсаты |
Барлық оқушылар: Музыкалық аспап туралы түсінік алады. Өзінің домбырасы бар немесе жоқ екенін және өзінің домбыра тартатынын / домбыра тартпайтынын айта алады. | |||||
|
Оқушылардың басым бөлігі: Тақырып бойынша белсенді лексиканы қолдана алады. Өздерінің домбыра тартатынын/домбыра тартпайтынын айта алады. | |||||
|
Кейбір оқушылар: Басқа да музыкалық аспаптарды атай алады, өздерінің қандай аспапта ойнайтынын айта алады. | |||||
Сабақтың барысы | ||||||
Сабақтың кезеңдері |
Жоспарланған жұмыс |
Ресурстар | ||||
Сабақтың басы (2-5 минут) |
(МК) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Сабақтың басталуына жағымды ықпал ететін көңіл күй қалыптастыру. Сабақ мақсатымен таныстыру. |
Смайликтер, домбыра, қағаз, қайшы, қарындаштар | ||||
Сабақтың ортасы (6-40 минут) |
(МК, Ұ) Мұғалім оқушыларға домбырада орындалған күйден үзінді тыңдатады. Сол арқылы домбыра аспабы туралы түсінік береді. Содан кейін оқулықтағы 1-тапсырма бойынша жұмыс істейді. Оқушылар Алмабектің сөзін тыңдайды, оқиды, содан кейін сол тапсырмадағы «Сенде домбыра бар ма?» деген сұраққа жауап береді. Бұл сұраққа әр бала өзінің шынайы жауабын береді. Осыдан кейін мұғалім оқушылардың назарын Алмабектің «Мен домбыра тартамын» деген сөйлеміне аударады. «Есте сақта!» айдары бойынша аталған етістіктің болымды, болымсыз түрін түсіндіреді, оны жеке-жеке, хормен қайталату арқылы жаттықтырады. (Ұ) 2-тапсырмада оқушылар үйренген үлгі бойынша «Сен домбыра тартасың ба?» деген сұраққа тірек үлгілерді (Иә, мен... /Жоқ, мен...) толықтырып айту арқылы өз қалаулары бойынша жауап береді. |
Оқулық Аудиодиск: 6.3.1; 6.3.3; | ||||
|
(Ж) 3-тапсырманы орындау үшін домбыра қажет болады (шынайы домбыра болмаған жағдайда, ойыншық домбыра/домбыраның суреті қолданылады). Ең алдымен мұғалім диалогті тыңдатады. Содан кейін оқушылар жұппен осы диалог негізінде сөйлеседі. Тапсырмада ұсынылған диалог шынайы болу үшін, екінші баланың қолында домбыра болу керек. Содан кейін оқулықта берілген үлгі бойынша өзара сөйлеседі. Үлгі: - Мынау не? - Бұл - домбыра. - Сен домбыра тартасың ба? - Иә, мен домбыра тартамын. (Жоқ, мен домбыра тартпаймын). Екінші сұраққа оқушылар шынайы жауап береді. (МК, Ж) 4-тапсырмада берілген сұрақтарға жауап беру арқылы оқушылар өткен материалды қайталайды, бекітеді. Тапсырмада берілген сұрақтарға оқушылар өз қалауы бойынша жауап береді. Сондай-ақ тапсырманы жұптық жұмыс ретінде ұйымдастыруға болады. Бірінші бала сұрақ қояды, екінші бала жауап береді. (МК,Ұ) Жұмыс дәптердегі тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар оқулықпен жұмыс барысында алған білімдерін бекіте түседі. |
№2 жұмыс дәптері | ||||
Сабақтың соңы 41-45 минут |
(Қ) Сабақты қорытындылау мақсатында оқушылармен кері байланыс орнату. Оқушылар сабақ барысында нені білгені, қалай жұмыс істегені, не қызық әрі жеңіл болғаны, не қиындық туғызғаны туралы ой-пікірлерін білдіре алады. |
|