«Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Астрахан ауылының № 2 жалпы орта білім беретін  мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 2 села Астраханка отдела образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желілерде

      

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

№3 хаттама Қамқоршылық кеңесінің отырысы "Астрахан№2 ОМ"ММ

№3 хаттама Қамқоршылық кеңесінің отырысы  "Астрахан№2 ОМ"ММ

 

Өтетін күні: 23 қыркүйек

Өткізу уақыты: сағат 15.00

 

Қатысқандар: 11 адам

Директоры: Мағзұмов Б. Б.

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Путинцева Т. С., Аркенова С. М.

Әлеуметтік педагог: Зелинская О. М.

Кеңес Мүшелері:

1.      Шарга Р. И.

2.      Мигуренко О.Н.

3.      Күзғанбаева Ж.

4.      Мухамбаева А. Д.

5.      Жакупова Е. З.

6.      Галуза В.

7.      Құлахметова А.

 

Күн тәртібі

1.      Қамқоршылық кеңестің жұмыс жоспарын бекіту.

2.      "Мектепке жол" республикалық акциясы барысында жиналған қайырымдылық қаражатын бөлу туралы есеп.

3.      Қолайсыз отбасылармен жұмысты ұйымдастыруға жәрдемдесу.

Бірінші мәселе бойынша директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Т. С. Путинцева сөз сөйлеп, кеңестің 2021-2022 оқу жылына арналған жұмыс жоспарын оқыды. Жұмыс жоспарына әлеуметтік қорғалмаған отбасылардан шыққан балаларға материалдық көмек көрсету бойынша іс-шаралар, жаппай оқыту қоры қаражатынан ыстық тамақтануға оқушылар тізімін келісу, қолайсыз отбасылармен жұмысты ұйымдастыруға жәрдемдесу, мектепте жөндеу жұмыстарын жоспарлау, оқушылардың жазғы демалысын, сауықтырылуын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру сияқты тақырыптар енгізілді.

Екінші сұрақ бойынша әлеуметтік педагог О. М. Зелинская сөз сөйледі.. "Мектепке жол" республикалық акциясы - бұл қиын өмірлік жағдайға тап болған балаларға материалдық және қаржылық көмек көрсету және әлеуметтік себептер бойынша мектепке бармаудың алдын алу. Акция шеңберінде оқумен қамтылмаған балаларды анықтау үшін рейдтер жүргізілді, мектеп керек-жарақтары мен киім-кешектерін сатып алу үшін қайырымдылық көмекке мұқтаж балалардың тізімі жасалды. Әлеуметтік педагог О.М. Зелинской және директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары С. М. Аркенова, Т. С. Путинцева ауданымыздың жеке кәсіпкерлеріне қайырымдылық акциясына қатысу туралы үндеумен ақпараттық парақшалар таратты. Келесі кәсіпкерлерден оң жауаптар алынды, олар мектеп киімдері мен мектеп керек-жарақтарын сатып алуға қаражат бөлді: "AZAM-КС" ЖШС, ЖК "Хафизов М.З" Мегапланета дүкені, ЖК "Дементьев В. А", ЖК "Пошева З. А", ЖК "Шарга Р. И", ЖК "Рислинг Н. А", №2 ЖББМ ұжымы, О. М. Зелинская.. Акция қорында шамамен 156 160 теңге жиналды. Демеушілік қаражат мектеп керек-жарақтарын, мектеп формасын, киім мен аяқ киім сатып алуға жұмсалды.  Аз қамтылған, көп балалы, тұрмысы нашар отбасылардан шыққан балаларға, жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға демеушілік көмек көрсетілді.

 

 

Шешім:

1.      Әлеуметтік қорғалмаған отбасылардан шыққан балаларға көмек көрсету жұмысын жалғастыру.

 

 

                           Төраға                                   Р. И. Шарга

 

                            Хатшы                                  Путинцева Т. С.

Жаңартылған күні: 23.11.2021 17:49
Құрылған күні: 23.11.2021 17:49

Текст