«Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Астрахан ауылының № 2 жалпы орта білім беретін  мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 2 села Астраханка отдела образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желілерде

      

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

2020-2021 оқу жылындағы ПЖК жасағының 1 жартыжылдықта өткізілген іс шаралар туралы ақпарат

2020-2021 оқу жылындағы ПЖК жасағының 1 жартыжылдықта өткізілген іс шаралар туралы ақпарат

Жаңа 2020-2021 оқу жылының басталуымен мектепте полицияның жас көмекшілері жасағы құрылды, жасақ жұмысының жоспары жасалды. Жасақ құрамына 9-сынып оқушылары кірді. Мектеп фойесінде ПЖК ақпараттық стенді безендірілді. Құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша "Қауіпсіз мектеп ортасы" республикалық акциясы аясында 10 тамыз бен 25 қыркүйек аралығында бірқатар іс-шаралар өткізілді. Бұл акция балаларға, ата-аналарға және қоғамға үйдегі, қоғамдағы, ғимараттар мен білім беру ұйымдарындағы және оның аумағындағы қауіпсіздік ережелері туралы ескерту болып табылады. Пандемия кезеңінде қауіпсіз білім беру ортасын құру, балаларға қатысты заңсыз әрекеттерден балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі ерекше өзекті болып отыр. Осыған байланысты 14 қыркүйекте 7-11 сынып оқушылары арасында антибуллинг пен кибербуллингке арналған сынып сағаты өткізілді. Психологпен, әлеуметтік педагогпен, аға тәлімгермен бірлесіп көшеде, жолда, мектепте, үйде, сондай-ақ бейтаныс адамдармен жүріс-тұрыс қауіпсіздігі қағидалары түсіндірілді. 1-4 сынып оқушылары күнделікті өмірде және төтенше жағдайларда қауіпсіз мінез-құлықтың негізгі ережелерін зерттеуге қызығушылықты арттыру мақсатында "Қауіпсіз балалық шақ" суреттер байқауына қатысты. 5-6 сынып оқушылары арасында "Менің мектебім-менің туған үйім" челленджі өткізілді. 18 қыркүйекте сынып жетекшілері қолжетімді әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы балалардың қауіпсіздігін ұйымдастыру және балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелері бойынша ата-аналар жиналысын өткізді. Сондай-ақ, жиналыс барысында ата-аналар МДҰ-ға қатысты өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды. Мектеп кітапханашысы Н.Кулакова "Мектеп ортасының қауіпсіздігі" бейне буклетін жасап, тарату мақсатында бұл буклеттер оқушылар мен ата-аналар чаттарына жіберілді.

Қазан айында "Жеке қауіпсіздік" суреттер байқауы өткізілді, 9 "А" сынып оқушылары белсенді қатысты. Сынып жетекшілері зиянды әдеттердің алдын алу бойынша профилактикалық әңгімелер, дәрістер өткізді. Күзгі және қысқы каникул басталар алдында әр сыныпта оқушылармен және ата-аналармен қауіпсіз каникул бойынша әңгіме жүргізілді: қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу, ЖҚЕ, өрт қауіпсіздігі, " Абайлаңыз, жұқа мұз!", кешкі және түнгі уақытта ересектердің қарауынсыз тұрғын үйден тыс жерде болу.Құқықтық жаппай оқыту шеңберінде 7-8 сынып оқушыларымен "Жолдағы тәртіп ережелері", 1-4 сынып оқушылары арасында әкімшілік жауапкершілік туралы әлеуметтік педагог Зелинская О. М. " Заң деген не?» іс шара өткізді.

2020 жылғы тамыз бен қыркүйек аралығында директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары, әлеуметтік педагог учаскелік полиция инспекторымен бірлесіп "Түнгі қаладағы балалар", сондай-ақ тұрмысы нашар отбасылар бойынша рейдтер өткізді.  Рейдтер барысында ата-аналармен балаларды тәрбиелеудегі жауапкершілік, оқушылардың күн тәртібін сақтау, карантин кезеңінде барлық санитарлық шараларды сақтау, балаларды тамақтандыру жағдайлары туралы әңгімелер жүргізілді. Кәмелетке толмағандардың тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларын тексеру актілері жасалды.

Оқушылармен қашықтық форматта сабаққа қатысу, тапсырмаларды орындау қажеттілігі туралы әңгімелер жүргізілді. Рейд барысында оқудан жалтарған балалар анықталған жоқ.

Сондай-ақ, Астрахан саябақтарына, кәмелетке толмағандар көп жиналатын орындарға барды. Ересектердің қарауынсыз жүрген оқушылар анықталған жоқ, сондай-ақ қайыр сұрау фактілері анықталған жоқ. 

 

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары: С. Аркенова, Т.Путинцева

 

Жаңартылған күні: 04.02.2021 15:40
Құрылған күні: 18.02.2021 14:18

Текст