«Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Астрахан ауылының № 2 жалпы орта білім беретін  мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 2 села Астраханка отдела образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желілерде

      

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

2023 жылғы мемлекеттік қызметтер бойынша есеп.

2023 жылғы мемлекеттік қызметтер бойынша есеп.

 

1. Жалпы ережелер

         1) Көрсетілетін қызметті берушілер туралы мәліметтер: «Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Астрахан ауылы №2 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ, ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдары. Заңды мекен -жайы Астрахан ауылы, Әл-Фараби көшесі, 64.

         2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:

         «Астрахан ауылы №2 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ білім беру саласында 14 мемлекеттік қызмет көрсетіледі.

         2023 жылы «Астрахан ауылы №2 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ 240 қызмет көрсетілді.

Білім беру саласындағы барлық мемлекеттік қызметі ақысыз негізінде көрсетіледі.

2022 жылы 249 қызмет көрсетілді.

         3) Неғұрлым талап етілетін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат: білім беру саласындағы неғұрлым талап етілетін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер:

         «Мектепке дейінгі жастағы балаларды мектепке дейінгі ұйымдарға жіберуге кезекке қою»;

         «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау»;

         «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау»;

         «Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұсыну»;

          «Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары арасында балаларды ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау».

«Негізгі орта, жалпы орта білім туралы телнұсқаберу».

 

 

         2. Қызмет алушылармен жұмыс: 

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.

         Көрсетілетін қызметті алушылар үшін барлық қажетті ақпарат ресми интернет-ресурста орналастырылған ҺҺҺ://sc0002.astrahanka.aqmoedu.kz/ білім бөлімінің «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары мен ережелері орналастырылған. Сондай-ақ, барлық ведомстволық бағынысты ұйымдарда ақпараттық стендтерде мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары мен ережелері орналастырылған. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары жұмыс істейді. 

         3. Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет. 

         1) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері.

         Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету және Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында аудандағы барлық мектепке дейінгі, орта білім беру ұйымдары Аkmola.kz бірыңғай ақпараттық жүйеде жұмыс істейді. Жүйеде 4 автоматтандырылған мемлекеттік қызмет іске асырылуда.

Сондай-ақ, 2020 жылдан бастап барлық білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ҚР БҒМ ММ АЖО жүйесі жұмыс істейді, онда 20 мемлекеттік қызмет қолжетімді.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау.

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат.

2023 жылы Мемлекеттік қызмет көрсету туралы шағымдар түскен жоқ. 

5. Мемлекеттік қызметтер көрсетудің одан әрі тиімділігінің перспективалары және сапасына көрсетілетін қызметті алушылардың қанағаттануын арттыру.

         Қызмет алушылардың қанағаттанушылығын арттыру және Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында 2024 жылға ҚР заңнамасын сақтау мәселесі бойынша бақылау іс-шараларының жоспары бекітілді.

         2024 жылы «Астрахан ауылы №2 жалпы орта білім беру мектебі» КММ жеке және заңды тұлғаларды қолжетімді және сапалы мемлекеттік қызметтермен қамтамасыз ету бойынша жұмысты жалғастыратын болады.

Жаңартылған күні: 29.02.2024 11:29
Құрылған күні: 29.02.2024 11:29

Текст