«Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Астрахан ауылының № 2 жалпы орта білім беретін  мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 2 села Астраханка отдела образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желілерде

      

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«№ 2 Астрахан орта мектебі» ММ қолайсыз отбасылармен атқарылған жұмыстар туралы ақпарат, "Түнгі қаладағы балалар" акциясы

«№ 2 Астрахан орта мектебі» ММ қолайсыз отбасылармен атқарылған жұмыстар туралы ақпарат,  "Түнгі қаладағы балалар" акциясы

Астрахан аудандық учаскелік полиция инспекторы, ювеналды полиция инспекторы

Е.С. Бода, директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Т. С. Путинцева, С.М.Аркенова, әлеуметтік педагог О. М. Зелинская мен келесі жұмыстар атқарылды:

 

1.  Прокуратура деректері бойынша қолайсыз отбасылардың тізімі нақтыланды.

2.  Ата-аналармен түсіндіру сұхбаттары (телефон арқылы) жүргізілді және карантин кезінде ережелерді орындау бойынша қашықтықтан оқыту форматында жаңа оқу жылына дайындық кезіндегі проблемалар анықталды.

3.  Нашар отбасылардың пәтерлеріне барды: анасымен және әжесімен бірге тұратын   6 "б" сынып оқушысы Абрамцова Эвелина, 2 "б" сынып оқушысы Абрамцова Анастасия, мекен-жайы Победа көшесі 44, әкесімен бірге тұратын 3 "в" сынып оқушысы .Абрамцов Александр мекен-жайы Победа көшесі 77/3.

4.  Астрахан ауданы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның отырысына қатысты. Отырыста ТТЖ жағдайы нашар Коос отбасы мәселесі қаралды. Осы отбасының пәтері, тұрмыстық жағдайы бойынша  комиссия отырысының хаттамасы жасалды.

5.  Тамыз-қыркүйек аралығында (26.08.2020 ж., 11.09.2020 ж., 25.09.2020 ж.) учаскелік инспекторлармен бірлесіп "Түнгі қаладағы балалар" акциясы бойынша рейдтер өткізілді. Рейдтер барысында кәмелетке толмағандар көп жиналатын орындарға: саябақтарға, спорт алаңдарына, тұрмысы нашар отбасылар тұратын көшелерге ерекше назар аударылды.

Өткізілген рейдтер барысында қашықтықтан және кезекші форматта сабақтарға қатысудан жалтарған оқушылар, сондай-ақ түнгі уақытта ересектердің қарауынсыз жүрген балалар анықталған жоқ.

6.  "Мектепке жол" акциясы бойынша демеушілік көмек көрсетілді: Коос Анатолий, Абрамцова Анастасия, Абрамцова Эвелина, Абрамцова Александр кеңсе тауарлары, киім және аяқ киім түрінде.

7.  Абрамцовтар отбасы ерекше бақылауға алынды.

Әлеуметтік педагог Зелинская О. М.

30.09.2020 ж.

Жаңартылған күні: 06.11.2020 12:10
Құрылған күні: 19.02.2021 11:48

Текст