«Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Астрахан ауылының № 2 жалпы орта білім беретін  мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 2 села Астраханка отдела образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желілерде

      

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жалпы мектептік ата-аналар жиналысының №2 хаттамасы 26.02.2022 жыл

"Астрахан а. №2 ЖББМ" КММ

 

Жалпы мектептік ата-аналар жиналысының №2 хаттамасы 26.02.2022 жыл                                                                      

Қатысқандар: 74 адам 

Уақыты: 11: 00 сағ.

 

Өткізу орны: қашықтан, ZOOM платформасы арқылы

Шақырылғандар: Шаяхметова Г. Т. - АББ басшысы.

                            Курумбаева Д.С. – АПБ инспекторы.

                            Шарга Р. А. - қамқоршылық кеңесінің төрағасы.

                            Тумашеева О.С. - мектептің ата-аналар комитетінің төрағасы, сынып      комитеттерінің төрағалары.

 

Жалпымектептік ата-аналар жиналысының күн тәртібі.

1.        Мобильді байланыс құралдарын пайдалану ережесі туралы ережені қарастыру және бекіту.

2.        Мектептің ішкі тәртіп ережелерінің тармақтарын қарастыру.

 

Жиналыс барысы:

1.        Бірінші сұрақ бойынша мектеп директоры Б. Б. Мағзұмов тыңдалды, ол ұялы телефондардың балалар мен ересектердің денсаулығына физикалық және психологиялық жағынан зияны туралы айтты. Мектептегі қалыптасқан жағдайларға байланысты "Білім туралы" Заң мен мектептің ішкі ережелері негізінде әкімшілік мектепте мобильді құралдарды пайдалану туралы Ереже жасады. Сөз сөйлеу барысында директор осы Ереженің барлық тармақтарын айтты. Ата-аналарға қарастыру және қабылдау ұсыныс жасады.

Осы мәселе бойынша сөз сөйлегеннен кейін ата-аналар осы Ережеге қатысты сұрақтар қойды. "Осы ереже қандай Заң негізде әзірленді?" деген сияқты сұрақтар келіп түсті, "Бала мектепте жүргенде ұялы телефонды қайда және қашан қолдана алады?", "Осы Ереже неге байланысты әзірленді?». Барлық қойылған сұрақтарға ата-аналар мектеп директоры және АББ басшысы Г. Т. Шаяхметовадан жауап алды.

3 "а" сынып оқушысының ата-анасы Шарипова Айтбала отбасындағы балалардың рухани-адамгершілік тәрбиесіне қатысты өз пікірін білдіріп, ата-ананың өз баласын тәрбиелеуге жауапты екендігіне назар аударды.

Балагузина Майрагуль, 8 "б" сынып оқушысының ата-анасы ата-аналарды балаларының гаджеттерін мұқият қарауға, әлеуметтік желілерді бақылауға шақырды және Ереженің барлық тармақтарын қолдады.

Антонина Богословская, қазіргі уақытта балаларды тәрбиелеу туралы өз пікірін білдірді, қазір ата-аналар мен мұғалімдер біздің болашақ ұрпағымызды тәрбиелеу үшін бірігуі керек, баланың тәрбиесі тек мектепке ғана байланысты емес- деп өз ойын білдірді.

Байгарина Айсәуле, ата-ана бұл ереже шынымен "Білім туралы" Заңның негізінде жасалғанын, сол Заңның тармағын оқып, толық келіскенін айтты.

Екінші мәселе бойынша мектеп директоры мектептің ішкі тәртіп ережелерінің тармақтарын оқып, ата-аналардан сабақ үлгеріміне назар аударуды, сабақтарда да, үзілістерде де тәртіп туралы балалармен әңгіме жүргізуді, мектептегі жеке заттарын ұмытпауды өтінді. 

Мамлеева Оксана, ата-анасы,  мектеп формасы туралы сұрақ қойды.

Мектеп директоры қойылған сұраққа елдегі пандемияға байланысты 2021-2022 оқу жылында мектеп формасын алып тастағанымен, бірақ ҚР Білім Министрінің бұйрығымен мектептерде оқушылар классикалық киім стилін ұстануы керек- деп көрсетілгенін айтты. Бұл мектепке спорттық костюмдерде, кроссовкаларды, джинстарды және т.б. киім киюге болмайды. Сонымен қатар, барлық ата-аналарды осы бұйрықты ұстануға және баланың сыртқы келбетін бақылауға шақырды. 

 Бұдан әрі АПБ инспекторы Д.С. Курумбаева сөз сөйлеп, ата-аналарға өз балалары үшін жауапкершілік, кәмелетке толмаған балалардың кешкі және түнгі уақытта болуын бақылау туралы еске салды. Ол электронды темекі шегу, ұсақ бұзақылық туралы негізгі заңдар мен мақалалар туралы айтты.   Балаларын тәрбиелеуден жалтарғаны үшін ата-аналар қандай әкімшілік жазаға тартылады. Сондай-ақ, балалардың көшеде түнгі уақытта ересектердің қарауынсыз болғаны үшін, ата-аналарға шығарылған айыппұлдар саны туралы статистиканы келтірді. 

 

Жалпы мектептік ата-аналар жиналысының шешімі:

1.        Мектепте мобильді құралдарды пайдалану ережелері туралы ережені қарастыру және бекіту. Жиналысқа қатысқан ата-аналар ватсап группаларында басқа ата-аналарға осы мәліметті жеткізу. Егер ата-аналарда ұсыныстар мен толықтырулар болса, сынып жетекшілеріне 28.02.2022 жылға дейін жазу керек.  1 наурыздан бастап Ереже күшіне енуі керек.

2.        АПБ инспекторының ақпараты назарға алынсын, өз балаларының мінез-құлқы мен орналасқан жеріне бақылауды күшейтсін, ата-аналар балалардың электрондық темекі шегуін бақылауға алсын және оқушылардың әлеуметтік желілерін бақылауға алсын.

3.        жиналыста барлық айтылған ақпаратты ата-аналар өз балаларымен профилактикалық әңгімелер жүргізсін, өйткені тек мектеп қана емес, ата-аналар да балаларға қиын (өтпелі) жасөспірім кезеңін жеңуге көмектеседі, сенімді қарым-қатынас орнатады. 

                                             

 

Төраға:                                                  Тумашеева О.

 

Хатшы:                                        Пустовойтенко Н.В.

 

Жаңартылған күні: 04.03.2022 11:44
Құрылған күні: 04.03.2022 11:44

Текст