«Үздік Ұланбасы - 2020» облыстық байқауы
2020 жылдың 10 желтоқсан күні ZOOM платформасы арқылы Ақмола облысы білім басқармасы, өнерпаз дарынды балалармен жұмыс жүргізу жөніндегі облыстық оқу-әдістемелік орталығы, «Ақмола облысы «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» қоғамдық бірлестігі бірлесіп «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақалалық бағдарламасы аясында «Ақмола облысы «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының» Ұланбасылары арасындағы «Үздік Ұланбасы - 2020» облыстық байқауын ұйымдастырды.
Байқаудың мақсаты: балалар мен жасөспірімдер арасында интеллектуалдық және шығармашылық әлеуетін, көшбасшылық біліктіліктерін дамыту.
Іс-шараға біздің мектебіміздің 9 сынып оқушысы Жасуланова Дариға қатысып, «Ең креативті көшбасшы» номинациясына ие болды.