Мектепте «Қауіпсіз мектеп автобусы» республикалық акциясы басталды. Акцияның мақсаты оқушыларды оқу орындарына тасымалдауды ұйымдастыру және жол-көлік апат оқиғаларының алдын алу, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады. Жұмыс жоспарына сәйкес, бірқатар профилактикалық іс-шаралар өткізілді: 5 қазанда бастауыш сыныптарда жол қозғалысы ережелерін түсіндіру, 5-11 сыныптарда "Өмір-деген ол бақыт. Жаса оның өзің" атты қауіпсіздік сынып сабақтары өтті. Акция барысында мектеп көшбасшылары жол қозғалысы ережелері бойынша әлеуметтік ролик жасап, оқушылар чаттарына жіберілді, сынып жетекшілері ватсап арқылы жол қозғалыс ережелерін сақтау мәселелері бойынша оқушылармен және олардың ата-аналарымен профилактикалық әңгімелер өткізді. 8 қазан күні әлеуметтік педагог О.Зелинская мектепішілік бақылауда тұрған оқушылармен "Біздің өміріміз біздің қолымызда"атты әңгіме сағатын өткізді. ЖЖИ жасағының жетекшісі жасақ мүшелерімен бірлесіп "Қауіпсіз мектеп автобусы" тақырыбында плакаттар мен парақшалар дайындады, олардың жұмыстары жол жүру ережелерін сақтауға және жолдарда абай болуға шақыру мақсатында бастауыш сынып оқушылары арасында таратылды. 12-14 қазанда жол-көлік жарақатының алдын алу бойынша 3-4 сынып оқушылары арасында "Мектеп автобусы" қашықтық суреттер байқауы өткізілді.
Оқушылар арасында ЖҚЕ бойынша өткізілген іс шаралар мақсатты, балалардың жол-көлік жарақатының деңгейін төмендетуге, балалардың денсаулығын, ең бастысы - өмірін сақтауға бағытталған. Барлық өткізілген іс-шаралар балалар өмірінің қауіпсіздігі мен сақталуы үшін тұрақты профилактикалық жұмыстың ажырамас бөлігі болып табылады.
1-11 сынып оқушылары қамтылған. Өткізілген іс-шаралар туралы ақпарат Фэйсбук, Instagram және мектептің сайтында орналастырылды.