Астрахан №2 орта мектебінде Ұлы Жеңістің 75 жылдығын мерекелеуге өткізілген іс-шара туралы ақпарат
Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай қашықтықтан өткізілетін іс-шаралар жоспары құрылды.
9-11 сынып оқушылары "Ардагерге хат"тақырыбында эссе дайындады. 11 сынып оқушысы Кристина Карпенко бейне-үндеуді жазды.
27 сәуір күні 1-11 сыныптарда "Ұрпақтар ұраны - ерлік" тақырыбында дистанциялық сынып сағаты өтті. 0, 1-4 сынып оқушылары "Краски Победы" онлайн сурет көрмесіне қатысты. Сонымен қатар оқушылар аудандық "Біз бейбітшілік сақтаймыз" атты сурет және сәндік - көркем шығармашылық конкурсына қатысты. 5-6 сынып оқушылары "Ардагерге ашық хат" акциясына қатысты.
Ұлы Отан соғысы Жеңісінің тарихи жадын сақтау, өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие беру мақсатында 0 "а", 1 "А", 1 "в", 2 "А", 3 "б" және 4 "б" сынып оқушылары "Бессмертная память"өлеңін мәнерлеп оқыды. Біздің ата-аналарға оқушыларды дайындағаны үшін, қажетті атмосфераны құрғаны үшін рахмет айтқым келеді: бұл атрибутика, әскери форма, суреттер, плакаттар, өлең оқу кезінде оқушылардың музыкалық сүйемелдеуі.
Сонымен қатар 0 "а" сынып оқушысы Абраменок Виктория және 2 "б" сынып оқушысы Карпенко Анастасия аудандық әскери әндер байқауына қатысты.
"Жас Ұлан" ББЖҰ көшбасшылары ардагерлерді Жеңіс күнімен құттықтады.
Мектеп кітапханашысы "ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды" атты кітап көрмесін, ерлік сабағын, соғыс туралы, соғыс жылдарындағы жазушылар туралы қызықты танымдық материалдарды дайындады.
"Жеңіс ізімен" атты облыстық арт - челленджге 0 "а"сынып оқушыларының бейне ролигі қатысады.
Өткізілген іс - шаралар туралы барлық бейне ақпарат әлеуметтік желілерде-ютуб-арнада және Instagram-да орналасқан.