Текст
«Кітапханамен таныстыру» - бірінші сынып оқушылары үшін шағын мереке. Кітапханашы Кулакова Н.А. балаларды кітапхананы, оқу залын пайдалану ережелерімен таныстырды, кітаптар мен журналдарға ұқыптылықпен қарауды еске салды. Балалар жұмбақтар шешіп, сұрақтар қойды. Мектеп кітапханасына жас оқырмандар қосылды.