«Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Астрахан ауылының № 2 жалпы орта білім беретін  мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 2 села Астраханка отдела образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желілерде

      

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Карта

20.01.2017

Сабақтың тақырыбы:

Карта

Сабақтың мақсаты: картамен және картадағы өзен, көл, теңіз, мұхитпен таныстыру, тақырып

бойынша белсенді сөздік қорды меңгерту және байланыстыра сөйлеу дағдыларын

арттыру. Буын туралы білімдерін толықтырады.

Күтілетін нәтиже:

Пәндік: картада өзен, көл, теңіз, мұхиттар бар екенін айта алу, тақырып бойынша

белсенді сөздік қорды меңгеру, байланыстыра сөйлеуге үйрену.

Тұлғалық: карта арқылы қоршаған ортаға деген қызығушылығын арттыру.

Жүйелік-әрекеттік: сабақ барысында меңгерген белсенді сөздік қор мен қарапайым үлгі құрылымдарды

өзіне таныс өмірлік жағдаяттарда орынды қолдана алу.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

Оқушылардың көңілін сабаққа аударуды ұйымдастыру.

II. Өткен сабақ пен жаңа сабақты

сабақтастыру

III. Жаңа сабақ

1-тапсырмадағы картамен жұмыс істемес бұрын теңіз, мұхит сөздерімен сөздік жұмысы жүргізіледі. Суреттегі

картаны көрсетіп, Мынау — карта. Картада

өзендер, көлдер, теңіздер, мұхиттар бар сөйлемдері аудиотаспадан тыңдалады,

оқытылады.

2-тапсырмадағы суреттер арқылы оқушылар өзен,

көл, теңіз, мұхит сөздерін тыңдау, қайталау арқылы есте сақтайды. «Есте

сақта!» айдарында өзен, көл, теңіз, мұхит

сөздерінің көптік жалғау жалғанғанда қалай өзгеретініне назар аударылады.

З-тапсырмадағы кестені оқу арқылы картада өзен, көл, теңіз, мұхиттар қандай

түспен берілетіні бекітіле түседі. Оқушылар Картада

өзендер (көлдер, теңіздер, мұхиттар) көгілдір түспен беріледі сөйлемдерін

бірнеше рет қайталап жаттығады.

4-тапсырмада оқушылар үлгі бойынша сөйлесіп, Картада өзендер қандай түспен беріледі? деген сұраққа жауап беріп

жаттығады. Сұрақтағы өзендер сөзін көлдер,

теңіздер, мұхиттар сөздерімен алмастыра отырып, байланыстыра сөйлеу

дағдыларын арттырады.

5-тапсырмадағы өзен, көл, теңіз, мұхиттар туралы мәтінді оқып өткен

тақырыптағы материал қайталанады, бекітіле түседі.

6-тапсырмада оқушылар үлгі бойынша сөйлесіп жаттығады, буын туралы

білімдерін толықтырады. Көл, теңіз

сөздерін буынға бөліп жаттығады. Оқушылардың жауаптары:

 

-«Көл» деген

сөзде неше буын бар?

-Бір буын.

-Қандай?

-Көл.

-Ол буын қандай?

-Жіңішке.

 

Жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар оқулықтағы

лексика-грамматикалық тапсырмаларды бекіте түседі.

IV. Жаңа сабақты қорытындылау

Мұғалім оқушылар арасында

жағымды психологиялық жағдай қалыптастыра отырып, сабақты

аяқтайды.

 

Просмотров: 422


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст