АҚПАРАТ
«Мың бала» ана тілі халықаралық күнін мерекелеуін жүзеге асыру шенберінде
Астрахан №2 орта мектебінде 21 ақпанда ана тілі күні өткізілді. Оның негізгі
мақсаты тіл ортасына арту, сөздік қорын кеңейту және қазақ, орыс, ағылшын
тілдерінің сөйлеу деңгейін жоғарлату боп табылады.
20 ақпанда 1-11 сынып жетекшілерімен халықаралық тілдер күніне арналған
тақырыптық сынып сағаттары өткізілді. 2 «В» мен 3 «В» сыныптарда (сынып
жетекшілері)Л.Н.Мисенко, Г.Н.Ящик) балалардың білімін жинақтауға, оларды практикада
қолдануға және оқушылардың шығармашылық қаблетін дамытуға бағытталған «Біз ана
тілімздің досымыз» тақырып бойынша викторина өткізілді.
Үш тілідік – гуманитарлық, ақпараттық және мәдениеттік кеңістікке өтуге
рұқсат. Бұл бағытқа мемлекет жағынанда және қоғам жағынанда үлкен назар
аударылады. Бүгін үш тілдік мәселесін, бұл бағдарламаны дамыту әдістерін
көпшілігі әр түрлі көреді. Сондықтан 10 сыныптарда Э.П.Коновалова мен
Е.В.Карпенко жаңа ұрпақ стандартында ана тіліне арналған дөңгелек үстел
дайындалды. Оқушылар тілді зерттеу, оқу үдерісіне үш тілдікті енгізуі туралы өз
пікірлерін айтты. Мектеп кітапханасында Н.А.Кулакова «Ана тілі және жазу күні»
кітап көрмесі ұйымдастырылды, онда оқырмандарға қазақ, орыс, ағылшын тілдері
бойынша оқу құралдары мен өздігінен үйреткіштер, тақырыптық сыныптан тыс
іс-шаралар пысықтаулары көрсетілген.
21 ақпанда 9-11 сынып арасында қазақ тілінен «Өзге тілдің бәрін біл,өз
тіліңді құрметте» «Мәңгілік ел-Мәңгілік тіл», «Мәңгілік елдің- тілі мен
тәуелсіздігі» шығарма байқауы өткізілді. Ең үздік шығармалар: 10 «Б» сынып
оқушысы Д.Ерсеитова – 1 орын, 10 «Б» сынып оушысы Б.Қазақбай – 2 орын, 9 «А»
сынып оқушысы Ю.Бондарева – 3 орын. Оқушылар өз шығармасының тақырыбын ашты,
балалардың өз ана тілінің маңыздығын түсінетіні көрінеді.
Орыс тілінен «Сен қанша тіл білсең – сен сонша рет адамсың» тақырып бойынша
шығарма байқауы өткізілді. Үздік шығармалар: 11 сынып оқушысы М.Макаренко – 1
орын, 11 сынып оқушысы И.Кочнев – 2 орын, 9 «Б» сынып оқушысы О.Диденко – 3
орын.
Осындай іс-шаралар балалардың ой өрісін кеңейтуге бірге тұратын халық
туралы көз қарасын және тіл арқылы оқушылардың патриоттық сезімін
қалыптастыруға, оның дәстүрі мен мәдениетіне қызығушылық пен құрметін
дағдыландыруға мүмкіндік туғызады.
ОТЖ-нан директор орынбасары: Д.Кәрімова.