«Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Астрахан ауылының № 2 жалпы орта білім беретін  мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 2 села Астраханка отдела образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желілерде

      

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Астрахан №2 орта мектебінде 2016-2017 оқу жылының көктемдегі каникулдағы өткізілген іс-шаралар туралы ақпарат.

08.04.2017

Астрахан №2 орта мектебінде 2016-2017 оқу жылының көктемдегі каникулдағы өткізілген іс-шаралар туралы ақпарат.

Біздің мектепте көктемгі каникулда әртүрлі іс-шаралар жоспарланып және

өткізілді. Оның ішінде тәрбиелеу әңгімелесулер мен байқаулар, ойындар мен

викториналар, мерекелер мен спорттық сайыстар, ұжымдылық шығармашылық істер мен

саяхаттар. 1 «В» сыныпта жетекшісі Л.А.Обгольц 

«Менің сүйікті ертегілерім» атты байқау дайындады. Байқау өз

жолдастарының пікірін сыйлауға тәрбиелеуге, ауыз екі халық шығармашылығын

зерттеуге қызығушылығын тәрбиелеуге, әр түрлі жағдайды ұжымды талқылауға

үйретуге бағытталған. Екінші сыныптарда жетекшілер К.Г.Скобликова, Р.А.Кириенко

және Л.Н.Мисенко 28 наурызда «Менің туған өлкем» мен «Құстар – біздің

достарымыз» атты сыныптан тыс іс-шаралар өткізді. Балалар қатыса отыра біздің

Отан – Қазақстан республикасы, оның назар аударарлық, мәдениеті мен табиғаты,

біздің жерде қыстайтын құстар туралы сұрақтарға жауап берді. 3 сыныптарда

И.И.Машевская, О.Г.Груднина, Г.Н.Ящик «Көктемгі калейдоскоп», «Осы ертегілер

қандай керемет еді» тақырыптарға іс-шаралар және «Көктемгі жылғалар» спорттық

сайысын дайындады. Оқушылар көктем халық ырымдарымен және мерекелермен танысты,

А.С.Пушкинның ертегілері бойынша сұрақтарға жауап берді, эстафеталарда сайысты

және жұмбақтар шешті. 29 наурыз күні 4 «А» сыныпта В.П.Витвицкая «Табиғаттың

аянышты кітабы» тақырыбына экология бойынша сыныптан тыс сабақ өткізді. Бұл

сабақтың ең маңызды мәселесі ол айналадағы табиғатқа деген сүйіспеншілікті,

балалар ұжымында достық қарым-қатынасты тәрбиелеу. 29 наурыз күні 8 сыныптарда

жетекшілері Ә.Х.Кәрімова, Ә.Қ.Бекова мен Ю.О.Петроченкова «Сөйлеу мәдениеті

туралы әңгімелесу» ойын сәттерімен өткізілді, оқушылар жаңылтпаштарды

қайталады, синонимдер қарастырып және фразеологизм мағынасын түсіндірді. 24

наурызда 9 сынып оқушылары сынып жетекшілерімен бірге №6 агротехникалық

колледжге барды. Олар осы оқу мекемесінің дайындайтын мамандықтар тізімімен,

оқу мен өндірістік корпустарымен танысты. 10 сынып оқушылары «Адал Ұрпақ»

ерікті мектеп клубының жұмысына қатыстырылды және 24 наурызда «Сыбайлас

жемқорлық біздің өмірімізде» мен «Жемкорлыққа қарсы» тақырып бойынша дөңгелек

үстелдің өткізуіне қатысты, сауалнама мен психологиялық тестінің сұрақтарына

жауап берді. Каникул барысында тәлімгер А.С.Ханиева 3 «Б» сыныпта «Ертегілік

эстафеталар» спорттық ойын өткізді, әлеуметтік педагог Г.Т.Мажитова 8 сынып

оқушылары үшін «Қауіпсіз ғаламтор» тақырыбына бейнеролик көруін ұйымдастырды.

Спорттық секциялар мен үйірмелер жұмыс істеді, орта және жоғары буында волейбол

мен баскетбол бойынша сайыстар, 4-5 сыныптарда қызықты старт, шашка мен шаңғы

бойынша сайыс өткізілді. Мектепте 24-30 наурыз аралығында әр түрлі пәндер

бойынша бастауыш пен орта буындарда оқушылармен қосымша сабақтар, 9-11

сыныптарда емтиханға дайындық бойынша консультациялар өткізілді.

 

30.03.2017.

Просмотров: 283


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст