Сабақтың тақырыбы: «Қасиетті Түркістан»
Сабақтың мақсаты: Білімділік:«Қасиетті Түркістан» туралы білім деңгейін қалыптастыру, лексикалық тақырып
–Қасиетті Түркістан, грамматикалық тақырып – Келер шақ.
Дамытушылық : Оқушыларды мәтіннің негізгі идеясын анықтай білуге талпындыру, өз ойларын толық жеткізу үшін тіл байлықтарын дамыту, келер шақты қайталау
Тәрбиелік: Еліне, жеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру, тарихи құндылықтарды бағалауға үйрету
Сабақтың типі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,
Сабақтың көрнекілігі: слайд, үлестірме қағаздар.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
А) амандасу, түгендеу, отырғызу
Ә) сабақтың барысын хабарлау
ІІ. Тіл дамыту кезеңі: «Келініздер ойнайық»
ІІІ. Үй жұмысын тексеру: 150 бет дұрыс пен бұрысты анықтау
IV. Жаңа тақырып: Қасиетті Түркістан
а) интерактивті тақтадағы суретке назар аударыңдар.
-Бұл суреттте не бейнеленген?
-Түркістан Қазақстанның қай аймағында орналасқан?
- Бұл қалада қандай тарихи ескерткіштер бар?
- Қожа Ахмет Йассауи кім?
ә) жаңа сөздермен жұмыс, сөз тіркесін құрастыру, сөйлем құру.
Кесене – ғимарат қасиетті - киелі
Көне – ескі
дүние – әлем - ғалам
Қала –шаһар
жарлық - жарғы
Ғасыр – дәуір – заман енгізу – кіргізу
Мекендеу - тұрақтау тұрғызу – көтеру
Аймақ – өлке – өңір
сәулетші – құрылысшы
б) мәтінмен жұмыс, оқу және мазмұндау
в) «Даналық ағашы» ойын мәтін бойынша сұрақтар құрастырып, жәшікке сал, сосын
кез келген сұрақты таңдап жауап беру.
г) келер шақты қайталау үшін, берілген етістіктерді жіктеу сүрту, тыңдау жекеше түрінде жіктеу
д) семантикалық карта
Етістіктер |
Ауыспалы к.ш. |
Болжалды к.ш. |
Мақсатты к.ш. |
Сүртерсің |
|
|
|
Таңдайды |
|
|
|
Жазбақшымын |
|
|
|
Ойнарсыз |
|
|
|
Тыңдамақпын |
|
|
|
Орналасасың |
|
|
|
Бөлемін |
|
|
|
V. Қорытындылау 1) «Бес жол»
1. Қала
2.
3.
4.
5.
2) -Түркістан қандай қала?
-Түркістанда кімнің кесенесі бар?
-Түркістанға келгендер қайда барады?
- Түркістанға барғың келе ме?
-Түркістан туристік қала ма?
VI. Бағалау
VII. Үйге тапсырма: 152 бет 6, 8 тапсырма
VIIІ. Түркістан туралы слайд көрсету.