«Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Астрахан ауылының № 2 жалпы орта білім беретін  мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 2 села Астраханка отдела образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желілерде

      

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

ЖАЛЫНДАП ТҰРЫП, ӨРТЕНІП КЕТСЕҢ, ЖОҚ АРМАН!

16.06.2017

ЖАЛЫНДАП ТҰРЫП, ӨРТЕНІП КЕТСЕҢ, ЖОҚ АРМАН!

(Әдеби – музыкалық кеш)

Қарасаз, қарашалғын өлеңде өстім,

Жыр жазсам, оған жұртым елеңдестің.

Өлсе өлер Мұқағали Мақатаев,

Өлтіре алмайды, алайда өлеңді ешкім.

Мақсаты: ақын өмірі

мен шығармашылығынан мәлімет бере отырып, қазақтың қара өлеңінің құдіретін

түсіндіру. М.Мақатаев поэзиясының халыққа кең таралуының сыры неде екенін

таныту, сезіндіру.

Көрнекілігі:

Ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған бейнетаспа, ақын кітаптарының

көрмесі, қабырға газеті, алтын қорда сақталған ақын өлеңдері (өз дауысы),

слайдтар.

Кеш барысы:

1-жүргізуші: Армысыздар, құрметті қонақтар мен оқушылар! Ақиық ақын Мұқағали

Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығына арналған «Жалындап тұрып, өртеніп кетсең,

жоқ арман!» атты әдеби-музыкалық ашық тәрбие сағатымызды ашуға рұқсат етіңіздер!

Әлем-дархан,

саялаңдар,                                          

Сәнді сарай соғыңдар.                                              

Бәріне де орын бар,                                                   

Ей, адамдар, сендер тату,  Қорған

емес, салтанатты,                                         

Сендер тату болыңдар!       

«Елдің  мұзбалағы» бейнетаспаны

көріп, тамашалаңыздар.

2-жүргізуші:

Қуат алып Абайдың тіл күшінен,

Жыр жазамын Абайдың үлгісімен.

Абай болып табынсам бір кісіге,

Абай болып түңілем бір кісіден, - деп жырлаған Мұқағали

Мақатаев биыл көзі тірі болса 86 жасқа келер еді. Ақын мұрасы жарық жұлдыздың

қараңғы қойнауынанқұпия сәулесін шашқандай жарқырай, өркендей өсіп, айшықтала

түсуде. Абай үндес Мұқағалидай қайталанбас перзенті бар халық – шынымен бақытты

халық.

«Менің анкетам» өлеңі көрініс түрінде көрсетіледі.

Дәрігер: №17 палатадағы Мұқағали жолдас, бері келіңіз,

анкета толтырамыз.

Дәрігер: Туған жеріңіз?

Ақын: Ұланымын Қарасаз деп аталатын ауылдың.

Дәрігер: Туған жылыңыз?

Ақын: 1931. Құрдасымын Шәмілдің.

Дәрігер: Шыққан тегіңіз?

Ақын: Шаруамын. Бар тірліктен бағалы оны санаймын.

Дәрігер: Білімің ше?

Ақын: Орташа ғой. Алайда оны жоғарыға балаймын.

Дәрігер: Ана ті лі?

Ақын: Қазақша. Қысылғанда орысша да, немісше де тағы бар?

Дәрігер:Қайда істейсіз?

Ақын: Мынау еңбек кітапшамнан тауып ал. Оқымаған

дипломсыз демесең, бір бойымнан бар мамандық табылар.

Дәрігер: міндеттісің бе әскерге?

Ақын: Міндеттімін. Біздің әлі жас кеуде. Жауынгердің

ұлымын ғой, жанын қиған Мәскеуде.

Дәрігер: Шетелдерде болдың ба?

Ақын: Болғам жоқ. олар маған тұрған да жоқ қол бұлғап.

Қалсам болды, өлсем болды жайыммен, осы тұрған орнымда-ақ.

Дәрігер: Мекен-жайың?

Ақын: Мекен-жайым - жер менің. Жерде жүрген ақын деген

пендемін. Қалам, қағаз, уақыт бер тек аздаған, мен өмірді жырлау үшін

келгенмін.

Дәрігер: Мұқағали жолдас, сіз әлі қаралып, дәрі ішуіңіз

керек?

Ақын: Керегі жоқ, керегі жоқ бәрінің. Иненің де керегі

жоқ. керегі жоқ дәрінің.

Дәрігер: сіз қаралып емделіп шығасыз, сіздей адам бізге

қажет, тыңдап

1көрейін, әлі-ақ жазылып кетесіз.

1 жүргізуші: Поэзия!

Менімен егіз бе едің?

Сен мені сезесің бе, неге іздедім?

Алауыртқан таңдардан сені іздедім.

Қарауытқан таңдардан сені іздедім, - дейтін Мұқағали

заманымыздағы ғажайып ақындардың бірі.

2 жүргізуші: Өйткені ол шынында да алауыртқан таңдардан,

қарауытқан таулардан түйсік алатын, бізге көрінбейтін сиқыр бояулардан, бізге

естілмейтін құпия дыбыстардан тоят алатын. Ол асқар Алатауға кең Сарыарқаны

қоса құшақтауға құлаш ашқан еді.

1 жүргізуші:

Табиғат!

Жанымды алсаң, алшы менің,

Бір үзік жергше түскен тамшың едім.

Мұқағали жоғалса не істер дейсің,

Артымда қалсын елім, қалсын жерім.

2 жүргізуші: Мұқағали қойнауына талай сыр бүккен сайын далаға,

оның сылдырап аққан суына, самал желіне, мақпал түніне бала кезден-ақ ғашық

болып өссе керек. Алдарыңызда ақынның жеріне деген өлеңдерінен үзінді.

1-оқушы – Дәмелі: «Қарасаз»

2-оқушы – Владислав: «Мен таулықпын»

3-4-оқушы – Ольга К., Ирина Ш.: «Үш бақытым»

1 жүргізуші:

...Махаббат бүгін және қарамады,

Қарамады...

Жанымды жаралады.

Шәміл-ау, білесің бе?

Шын махаббат –

Осылай қарамаудан жаралады!

Иә, нәзік жанды ақынның жүрегінің шынайы іңкәрлік сезімі

махаббатқа ұласады.

2 жүргізуші: Мұқағали ос махаббат тақырыбына молынан

қалам тартқан екен. Бұған тек мұңнан тізілген моншақты жырлар ғана емес, «Қош

махаббат» драмасы да дәлел бола алады. Өлең – өнер, өлең – дерт, оны туа біткен

дарын иесі, шын талант қана дүниеге әкеледі, жүрек пен сезімнің отына орап ақ

қағазға түсіреді. Сол ақ қағаздың иесін тапқан әрбір сөз жүректерге ән болып

жетіп те жатыр емес пе?

5-6-оқушы  -

Фарида, Арман: «Махаббат диалогы»

-        

Құс боп ұшып

жоғалсам не етер едің?

-        

Сені іздеумен

мәңгілік өтер едім.

-        

Отқа түсіп

өртенсем, не етер едің?

-        

Күл боп бірге

соңыңнан кетер едім.

-        

Бұлдырасам сағымдай

не етер едің?

-        

Жел боп қуып ақыры

жетер едім.

-        

Қайғы әкелсем

басыңа не етер едің?

-        

Қойшы, сәулем,

бәрін де көтеремін.

 

7 оқушы : «Сабағы әлсіз сары гүл»

Ән:

1 жүргізуші:

Жапырақ – жүрек, жас қайың,

Жанымды айырбастайын.

Сен адам бола бастасаң,

Мен қайың бола бастайын.

Келісесің бе, жас қайың? – деп, ақ қайыңмен тілдескен

ақын ана-табиғаттың жұпар иісін аңқытып, сұлулық әлеміне бойлайды.

8 оқушы: «Жапырақ жүрек жас қайың!»

9 оқушы: «Бабаларым, рахмет сендерге!»

Ән:

10 оқушы - Андрей: «Ақын күнделігінен үзінді»

-        

Сүйікті балаларым,

менің! Ақылсыз болмаңдар! Өмір толы қауіп, абай болыңдар! Өмірдің әрбір

құбылысына байыппен, ақылмен қараңдар! Жөні жоқ мейірбан, жұмсақ болмаңдар, өмір

бар да, жауыздық та бар. Мейірбандықпен, жұмсақтықпен жауыздықты жеңуге

болмайды....

Бір сөзбен

айтқанда, сүйе де, жек көре де біліңдер, бірақ әрқашанда адам қалыптарыңда

қалыңдар. Әрдайым сақ болыңдар! Әрдайым өздеріңді қорғай біліңдер! Балаларым

менің! Балаларым менің! Егер сендер түсінсеңдер ғой мені ....

2 жүргізуші: Алтын қорда ақынның өз дауысымен айтылған

біраз өлеңдері сақталыпты. Бұл оның радиода жұмыс жасап жүрген кезі болса

керек. Кезекті Мұқаңның өз дауысымен айтқан өлеңдеріне береміз. Өлеңдер.

11 оқушы - Людмила: «Шеше, сен бақыттысың!»

12 оқушы – Камила: «Бақыт деген...»

13 оқушы – Лола: «Арманда, ұлым!»

 

2 жүргізуші:

«Жақындықты сеземін,

Жерден де аспаннан,

Жылулықты сезінем.

Мұздардан, тастардан.

Өмірім, сірә да, әріден басталған,

Әріден басталып, мәңгіге тасталған.

Осы мен

Өлмеймін, өлмейтін шығармын,

Сәл ғана мызғып-ап, қайтадан тұрармын»,- деген жолдарды

оқығанда, сол сөздерді «не дер екен» - деп сынау үшін айтқан сияқтанады да

тұрады. Өйткені бұл күнде «сәл ғана мызғып-ап, қайтадан тұрғанына» бәріміз

куәміз. Болашақ ұрпақтар да куә бола бермек. Өз шығармаларынан.

Ән: «Көнеміз ғой»

Ал, енді құрметті көрермендер,  Мұқағали туралы сұрақтарға жауап беріп

көрейік. Көкейде жүрген сауал – қонақтармен жүргізіледі.

1.    

Мұқағали ақынның туған күні, айы, жылы. (1931ж. 9 ақпан)

2.    

Мұқағалидың әкесінің аты? (Сүлеймен)

3.    

Ақынның әжесі кім? (Тиын)

4.    

Ақынның азан шақырып қойған аты кім? (Мұқаметқали)

5.    

Ақынның ақын досы кім? (Шәміл)

6.    

Мұқағалидың сөзіне жазылған әндерді атаңыз. Орындап бере аласыз ба?

7.    

Ақынның жары кім? (Лашын Әзімжанова)

8.    

Мұқағалидың поэмаларын атаңыздар

9.    

Ақынның прозалық шығармасын атаңыздар. (Қош махаббат)

10.

 Ақынның шешесінің аты (Нағиман)

11.

Мұқағали жырларын оқығанда ақын болуды армандадыңыз ба?

1 жүргізуші:

Қарасаз, қарашалғын өлеңде өстім,

Жыр жазсам,

оған жұртым елеңдестің.

Өлсе өлер

Мұқағали Мақатаев,

Өлтіре

алмайды, алайда өлеңді ешкім.

2

Жүргізуші:  Сен қазақтың қазақтығын

жырладың,

Ашып айттың

қазағымның мұң-зарын.

Сол даңқыңды

ұрпағыңа жеткізген,

Қара өлеңнен

жалындаған жырларың.

Зулап

күндер, жылдар аунап барады,

Жырларыңнан

қазақ бақыт табады.

Қадіріңді

сәл кешірек білсек те,

Мәңгі есімің

жадымызда қалады.

Дана

Бақытжановна :Ән « Сарыжайлау»

-Құрметті

қонақтар, оқушылар! Қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың рухына арналған

«Жалындап тұрып, өртеніп кетсең, жоқ арман!» атты әдеби-сазды ашық тәрбие

сағатымызды осымен аяқтаймыз.

2 жүргізуші:

көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет!

1 жүргізуші: Жыр

көшінде тағы кездескенше аман-сау болыңыздар!

 

 

 

Просмотров: 408


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст