Астрахан №2 орта мектебі жүзеге асырады
"Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің
алпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін в
едомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына
құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау" мемлекеттік қызмет регламентін
Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімі мемлекеттік қызметті алушылар қажетті құжаттарды тапсырған уақыттан бастап 1
жұмыс күнін құрайды:
1) өтініш берілген күні (тіркеу кезінде) сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті
алуға дейінгі күту уақыты – 15 минут;
2) өтініш берілген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушыға қызмет
көрсету уақыты – 15 минуттан аспауы керек.
Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің соңғы нәтижесін (білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау
туралы бұйрық) алу мерзімі – 3 айдан аспауы керек, себебі оқуға қабылдау туралы
бұйрық барлық білім алушылар үшін ортақ болып табылады.
Мемлекеттік қызмет барлық санаттағы азаматтар үшін мемлекеттік білім беру ұйымдарында тегін болып табылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету демалыс және мереке күндерін қоспағанда, күн сайын 9.00-ден
13.00-ге дейін жүзеге асырылады.
Алдын ала жазылу және жеделдетіп ресімдеу қарастырылмаған.
Мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттік қызметті алушы білім беру ұйымына өтініш білдірген жағдайда мынадай
құжаттарды ұсынады:
1) баланың заңды өкілдерінен өтініш (еркін нысанда);
2) туу туралы куәліктің көшірмесі;
3) денсаулығы туралы анықтама (денсаулық паспорты);
4) тұратын жерінен анықтама немесе тұратын жерін растайтын басқа құжат;
5) 3х4 көлеміндегі 2 дана фотосурет.