«Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Астрахан ауылының № 2 жалпы орта білім беретін  мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 2 села Астраханка отдела образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желілерде

      

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Астрахан №2 орта мектебінде оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыру туралы ақпарат

18.08.2017

Астрахан №2 орта мектебінде оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыру туралы ақпарат

Біздің мектепте 15 мамыр мен 15 маусым аралығында әр түрлі шаралар

ұйымдастырылды және өткізілді: «Мектеп намысы үшін» дәстүрлі саптүзеу, соңғы

қоңырау мерекесі, саяси репрессия құрбандарын еске алу күніне, халықаралық

балалар күніне, Қазақстан Республикасының мемлекет рәміздері күніне арналған әр

түрлі іс-шаралар. Мектеп жанындағы лагерь тамақтануымен жұмыс істеді. Лагерьге

бастауыш сынып оқушылары барды. Мұғалімдер Л.А.Обгольц, А.А.Сонгина,

Т.В.Шиканова, В.А.Климек байқаулар мен ойын бағдарламаларын, қызықты спорттық

стартар мен күнделікті жаттығулар өткізді, балаларды өрт сөндіру бөлімі мен

балалар шығармашылық үйіне саяхатқа апарды. Қазақ тілі және ағылшын тілі

мұғалімдері Г.О.Қарасаева мен Ә.С.Биғалиева жазғы тілдер мектебінде АКТ

қолдануымен оқушылармен сабақ өткізді. Балалар ойын формасында викторина сұрақтарына

жауап берді, ребустер мен жұмбақтар шешті, сурет салды, өлеңдер жаттады.

Психологтар И.Л.Плехановамен және Р.Д.Сандыбаевамен, әлеуметтік педагог

О.М.Зелинскаямен жоспар бойынша дайындаған жаттығулар мен тренигтер өткізді. 5

маусымда акт залында ТЖ-нан директор орынбасарлары Г.Қ.Ахметова мен Н.П.Берёзина

Отанымыз - Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздерінің 25 жылдығына

арналған шаралар өткізді. Сахнадан слайд пен бейне сүйемелдеуімен елтаңба, ту

және әнұран, қазақстанның кең-байтағы мен көп ұлтты халқы туралы үш тілде

патриоттық әндер мен өлеңдер орындалды. Педагогтар мен бастауыш сынып

оқушылары, мектеп жанындағы алаңға қатысқан балалар мен оныншы сынып оқушылары

және Астрахан ауданы мұрағатының қызметкерлері тарихи-музыкалық композицияның

көрермендері болды. 12 маусымда ауылдың орталық алаңында мектепппен қоштасу

кеші өтті. Осы кеште 9-10 сынып оқушылары «Жаса Қазақстан» әніне флэшмоб

биледі. 14 маусымда біздің мектептің оқушылары педагогтармен бірге сапяхатпен

«ЭКСПО – 2017» халықаралық көрмеге барды. Олар оның ең басты назар

аударарлықтарын көрді. Және оқушылар мен педагогтар жеңіл атлетика бойынша

аудандық сайысқа, оның ашылуы мен аяқталуына қатысты.  

 

Просмотров: 334


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст