"Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу" тақырыбында 9-сынып оқушыларымен өткізілген іс-шаралар туралы ақпарат.
4 сәуір күні мектептің акт залында 9 сынып оқушыларының Ақмола облысы Дін істері басқармасы жанындағы Конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығының маманы А.Жапаровпен кездесуі өтті.
Тақырыбы: "Діни экстремизм мен терроризмді насихаттайтын интернет ресурстарының қауіптілігі".
Іс-шараның мақсаты: Діни экстремизмнің алдын алу, жастардың толеранттылығына тәрбиелеу, діни антирадикалды иммунитетті қалыптастыру, рухани тәрбиені өзін-өзі жетілдіру, діни сауаттылықты арттыру.
Кездесу білім алушылармен диалог түрінде өтті. Маманның назары қазіргі діни жағдайдағы ішкі тұрақтылық пен дәстүрлі рухани құндылықтарды нығайту мәселелерін қарастыруға аударылды.