7 сәуір дүниежүзі денсаулық сақтау күні. Осы мерекеге қарсы мектепте салауатты өмір сүруге бағытталған бірнеше іс-шаралар өтті. Мектеп фойесінде салауатты өмір сүру туралы бейнероликтер көрсетілді. Бастауыш сынып оқушыларына әр үзілісте физминуткалар өткізілді. Мектеп Президенты Дильназ Момышева «Денсаулық деген не? Денің сау болу ол модно ма?» тақырыбына 1-11 сынып оқушылары арасында сұрастыру өткізді. 5 сәуірде 3 «Б» мен 3 «В» сыныптар арасында «Менің денім сау» атты қызықты старт өтті.
6 сәуірде 6 сынып оқушылары арасында футбол бойынша турнил өтті.
8 сәуірде мұғалімдер мен жоғары сынып оқушылары арасында волейбол бойынша турнир өткізілді, 2:1 санымен мұғалімдер командасы жеңімпаз аталды.
8 сәуірде 1-4 сыныптарда физминутка өткізуімен «Тиімді тамақтану туралы фактлер», 5-7 сыныптарда сауалнама өткізуімен «Дене тәрбие белсенділігі – саулық пен аурудың алдын алу», 8-11 сыныптарда «СӨС – темекі шегу мен ішімдіктің алдын алу» тақырыптарына сынып сағаттары ө ткізілді.
Мектеп алаңында «Денің сау болу ол модно» аттымектеп көшбасшылары дайындаған флешмоб өтті. Барлық іс-шаралар салауатты өмір сүруді таратуға бағытталған.