«Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Астрахан ауылының № 2 жалпы орта білім беретін  мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 2 села Астраханка отдела образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желілерде

      

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Астрахан а. №2 ЖББМ" КММ мұғалімдері үшін Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай өткізілген салтанатты жиын туралы ақпарат

21.12.2021

"Астрахан а. №2 ЖББМ" КММ мұғалімдері үшін  Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай өткізілген салтанатты жиын туралы ақпарат

 

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында мұғалімдер үшін мектепте барлық санитарлық шараларды сақтай отырып, салтанатты жиналыс өтті, онда мектеп директоры Б.Б. Мағзұмов барлық педагогтарды мерекемен құттықтады. Мереке құрметіне мұғалімдерді марапаттау рәсімі өтті.

"Дарынды балаларға-талантты ұстаз" облыстық байқауының қорытындысы бойынша Т.Бұғыбай, А. Дюсекеева білім басқармасының басшысының грамотасымен марапатталды. Аудандық байқауда гран-при орынға иеленген үшін Астрахан ауданы бойынша білім бөлімінің басшысының грамотасымен мектепалды тәрбиешілері марапатталды. Аудандық іс-шараларды өткізуге белсене қатысқаны үшін Астрахан ауданы бойынша білім бөлімінің сертификаттары Д.Тажина, С. Аркенова берілді, адал еңбегі мен балаларға деген махаббаты үшін мектеп директорының грамоталарымен К. Алматова, Қ. Зейнелхан, И. Плеханов, Т. Путинцева, О. Зелинская, А. Горчинский, Ж. Жүсіпова, В. Черноволова марапатталды.. Марапаттаудан кейін ұжымды педагогикалық еңбек ардагері А.Төлебеков, мектептің кәсіподақ комитетінің Төрағасы Н.Кулакова құттықтады. Одан әрі 4 "б" және 2 "б" сынып оқушыларының бейнеқұттықтаулары тыңдалды.

Просмотров: 223


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст