Текст
Мұғалімдер күнін мерекелеу аясында жоспарға спорттық іс-шаралар да енгізілді. 28 қыркүйек күні дене шынықтыру пәнінің мұғалімі О. Т. Филипенко тоғыз құмалақ бойынша аудандық жарыстарға қатысып, 3 жүлделі орынға ие болды. 29 қыркүйек күні "№1 ЖББМ" және "№2 ЖББМ" мұғалімдері арасында волейболдан достық кездесу өтті. Ойын қорытындысы бойынша бірінші орынды "№2 ЖББМ"командасы иеленді. Сонымен қатар, 1 қазан күні мектеп мұғалімдері мен 11 сынып оқушылары арасында волейболдан ойын өтті.