Текст
Наурыз мейрамын тойлау құрметіне «Ел үміті» бастамалары жобаларының үздік қатысушыларына қола медальдар тапсыру рәсімі өтті. Бұл жобаға №2 Астрахан орта мектебінің оқушылары белсенді қатысты. Барлық жетістіктерді ескере отырып, ең жақсы қатысушылар ішінде мектеп оқушылары таңдалды. Жасұланова Дариға мен Бейсова Айсұлу «Ел БАСЫ» қола медальдарымен марапатталды.