«Ауған соғысының жаңғырығы» аудандық конкурсының қорытындылары туралы ақпарат»
15 ақпанда Ауғанстаннан әскерлерді шығару күні атап өтіледі. Осы атаулы күнге біз әлеуметтік ролик дайындадық. Бұл роликте барлық интернационалист жауынгерлердің әлеуметтік мәселелерінің бірін көтердік-бұл әлеуметтік-психологиялық қолдау. Өкінішке орай, көптеген жауынгерлер бастан кешкен қиындықтарды жеңе алмады.
Бұл ролик аудандық "Ауған соғысының жаңғырығы" байқауында 1 орын алды. Ролик дайындаған: Аркенова С.М., Путинцева Т.С. – директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, Герсимов Ю. В. – АӘД мұғалімі, Зелинская О. М. – әлеуметтік педагог, Бугыбай Т. Д. – мектеп тәлімгері. Басты кейіпкерлер ретінде: В.А. Зинченко – интернационалист жауынгер, Д. Путинцев-8 "А" сынып оқушысы қатысты.
Аудандық "Эхо войны Афгана" атты Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылуына 32 жыл толуына орай ұйымдастырылған шығармашылық байқауына белсене қатысқаны үшін 5 "а" сынып оқушылары "Луна" вокалдық тобы марапатталды.
Жас ұрпақ біздің батырларымыздың ерліктерін әрқашан да еске алып, құрметтейді.