«Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Астрахан ауылының № 2 жалпы орта білім беретін  мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 2 села Астраханка отдела образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желілерде

      

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Астрахан ауылының №2 ЖББМ" КММ 10-11 сынып оқушыларымен Діни экстремизмнің алдын алу іс-шарасы.

"Астрахан ауылының №2 ЖББМ" КММ 10-11 сынып оқушыларымен Діни экстремизмнің алдын алу іс-шарасы.

 

8 қазан күні мектептің акт залында  Нұр-сұлтан қаласының дін мамандарымен кездесу өтті

Іс-шараның мақсаты: Діни экстремизмнің алдын алу, жастардың толеранттылығына тәрбиелеу, діни антирадикалды иммунитетті қалыптастыру, рухани тәрбиені өзін-өзі жетілдіру, діни сауаттылықты арттыру.

Кездесу білім алушылармен диалог түрінде өтті. Дінтанушы теологтың назары қазіргі діни жағдайдағы ішкі тұрақтылық пен дәстүрлі рухани құндылықтарды нығайту мәселелерін қарастыруға аударылды.

Теологтар Қазіргі Қазақстандағы мемлекеттік – конфессиялық қатынастар туралы айтып берді. Дәріскер деструктивті ағымдары бар сайттардың жұмыс істеуіне ерекше назар аударып, жастарды қандай да бір ақпарат алу үшін тек ресми сайттарды пайдалануға шақырды.

Іс-шара соңында білім алушылар қаралып отырған тақырып бойынша қызықтырған сұрақтар қойып, оларға дін істері жөніндегі маманнан толық жауап алды. Бұл кездесудің тәрбиелік мәні зор болды.

 

ТЖ жөніндегі директор орынбасарлары : С.Аркенова., Т.Путинцева 

Жаңартылған күні: 11.10.2021 10:41
Құрылған күні: 11.10.2021 10:41

Текст