«Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Астрахан ауылының № 2 жалпы орта білім беретін  мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 2 села Астраханка отдела образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желілерде

      

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Астрахан №2 орта мектебі" ММ 2020-2021 оқу жылының 1 жартыжылдықта тәрбие жұмыста жоспары

Мектептің тәрбие жұмысының тақырыбы: "Шығармашылық өзін-өзі көрсетуге, белсенді өмірлік ұстанымға қабілетті тұлғаны қалыптастыру»

Мақсаты: мектеп оқушыларының бойында руханилықты, мәдениетті, азаматтық жауапкершілік пен құқықтық сана-сезімді қалыптастыруға бағытталған тиімді тәрбие жүйелерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету; №2 Астрахан орта мектебінің тәрбие жүйесін дамыту үшін қажетті ғылыми-әдістемелік база, ұйымдастырушылық, кадрлық, ақпараттық жағдайлар жасау.

Міндеттері:

Үйлесімді, жан-жақты дамыған, рухани-адамгершілік қасиеттері дамыған, таңдау жағдайында өз бетінше шешім қабылдауға дайын, ынтымақтастық пен мәдениетаралық өзара іс-қимыл жасауға қабілетті, "Қазақстан-2050"  Мәңгілік Ел Стратегиясының басты мақсатына қол жеткізуге белсенді қатысатын адамды қалыптастыру.

Тұлғаның рухани-адамгершілік қасиеттерін дамытуда білім мазмұнының тәрбиелік әлеуетін күшейту. "Рухани жаңғыру"бағдарламасын іске асыру жағдайында 8 бағыт бойынша тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері. Педагогикалық, ата-аналар және оқушылар ұжымдарының өзара ынтымақтастығына ықпал ету.

Дамыту: волонтерлік қозғалыс – елге риясыз қызмет ету мақсатында "Қоғамға қызмет" әлеуметтік қайырымдылық жобалары шеңберінде мектептегі ерікті жасақтар;

Білім алушылардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру мақсатында: "Сыбайлас жемқорлық-қоғамға жат құбылыс", "Сыбайлас жемқорлықтың тарихи тамыры", "Сыбайлас жемқорлықтың дамуына ықпал ететін себептер мен факторлар", "Адам құқықтары және сыбайлас жемқорлық" сынып сағаттары мен факультативтік сабақтар өткізу;

Үйде оқитын балаларды тарта отырып, отбасымен және ата-аналармен жұмыстың топтық және жеке нысандарын; отбасы құндылықтарын сақтау, ата-аналардың жауапкершілігін арттыру, сондай-ақ балаларды тәрбиелеуде әкелердің рөлін күшейту мақсатында анағұрлым табысты ата-аналардың тренингтерін, мастер-кластарын, пікірталастар, сұрақтар мен жауаптар кештерін ұйымдастыру;

Білім беру ұйымдарында "JuniorSkills" ерте кәсіптік бағдарлау және оқушыларды кәсіптік даярлау негіздері жобасы шеңберінде білім алушыларды кәсіптік диагностикалау және кәсіптік бағдарлау жұмысын жандандыру /7-10 сыныптар/, оның ішінде ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балалар;

Балалар-жасөспірімдер қозғалысының, оның ішінде "Жас ұлан", "Жас қыран", "Жас сарбаз", "Ұлы дала скауттары", "Жұлдыз"желілерін жетілдіру.

Тәрбие жұмысының негізгі бағыттары /основные направления воспитательной работы от 15 апреля 2019г №145/:

1. Жаңа қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие /Воспитание казахстанского патриотизма и гражданности, правовой воспитание/;

2. Рухани-адамгершілік тәрбие / Духовно-нравственное воспитание/;

3. Ұлттық тәрбие / Национальное воспитание/;

4. Отбасылық тәрбие / Семейное воспитание/;

5. Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие /Трудовое, экономическое и художественно-эстетическое воспитание/;

6. Интеллектуалды тәрбие, ақпараттық мәдениетті тәрбиелеу /Интеллектуальное воспитание, воспитание информационной культуры/;

7. Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі /Поликультурное и художественно-эстетическое воспитание/;

8. Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты /Физическое воспитание, Здоровое образ жизни/.

Жаңартылған күні: 06.11.2020 12:06
Құрылған күні: 18.02.2021 14:15

Текст