«Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Астрахан ауылының № 2 жалпы орта білім беретін  мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 2 села Астраханка отдела образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желілерде

      

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мектеп жанындағы қашықтық «Радуга» алаңының жұмысы туралы ақпарат.

Мектеп жанындағы қашықтық «Радуга» алаңының жұмысы туралы ақпарат.
 Астрахан №2 орта мектебіндегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты жазғы демалыс кезеңінде мектеп жанындағы  «Радуга» алаңы  онлайн форматта жұмыс жасады. Жаз мезгілінің толық кезеңіне  3 маусым: маусым, шілде, тамыз айларына ұйымдастырылды, сонымен бірге тілдер мектебі: ағылшын және қазақ тілдеріне үйрету жұмыс істеуде. Бірінші маусымда 1 сынып оқушыларымен (100 адам), екінші маусымда 2 сынып оқушыларымен (75 адам) жұмыс жүргізілді, үшінші маусымда 3-4 сынып оқушыларын (130 оқушыға жуық ) қамту жоспарланды. 
Барлық жұмыс бекітілген жоспарға сәйкес жүргізілді. Бастауыш сынып мұғалімдері, психолог, тәлімгер, әлеуметтік педагог, тіл мамандары оқушыларға аталған тақырып бойынша бейне роликтер мен күн тақырыбының тапсырмаларын күнделікті жіберіп отырды. Күн барысында оқушылар ата аналарымен бірлесіп тапсырмаларды орындады. Екі маусым бойы мұражайға саяхат, біздің мемлекетіміздің астанасы Нұр -Сұлтан қаласы бойынша саяхат, «Бақытты отбасылар қаласы» шығармашылық байқаулар, «Түрлі түсті жаз мезгілі» челленджі, «Сусабын көпіршіктері» шоуы, «Мультиман» онлайн викторинасы , қол шеберлері, музыкалық калейдоскоп, «Шеберлер қаласы», «Отбасылық асхана», «Менің отбасым» фото байқаулары, «Біздің аула ойындары», Астана күніне арналған өлең шумақтарын айту, «Сана, есепте, ойлап, тап» математикалық ойындар, сурет байқаулары сияқты іс шаралар өткізілді. 
Мектеп психологы «12 күн балалар еңбегін пайдалануға қарсымыз» науқанының шеңберінде ата -аналар үшін «Ата-аналар нені істемеу керек» тақырыбына байланысты роликтер, оқушыларға кеңестер әзірледі. Мектеп кітапханашысы «Жазда оқимыз» презентациясын дайындады. Ағылшын және қазақ тілі пәндерінің мұғалімдері оқушылармен қазақ тілі мен ағылшын тілін үйрету бойынша күнделікті ойын түрінде онлайн  сабақтарын жүргізді. 
Бұған қосымша ата- аналармен оқушыларға күнделікте ватсап чаттары арқылы суда жүзу қауіпсіздігі, демалысты ұйымдастыру қауіпсіздігі бойынша нұсқаулықтар жіберіліп отырды.
Барлық ақпарат әлеуметтік желілерде, Instagram  және Facebook -гі мектеп парақшаларында орналасқан.    

ТЖ  директор орынбасарлары: Путинцева Т.С.
                                                           Аркенова С.М: 

Жаңартылған күні: 25.08.2020 16:43
Құрылған күні: 25.08.2020 16:43

Текст