«Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Астрахан ауылының № 2 жалпы орта білім беретін  мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 2 села Астраханка отдела образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желілерде

      

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Астрахан ауылының №2 ЖББМ" КММ оқушылары арасында мұғалімдер күніне өткізілген іс-шаралар туралы ақпарат

"Астрахан ауылының №2 ЖББМ" КММ оқушылары арасында мұғалімдер күніне өткізілген іс-шаралар туралы ақпарат

Қазан айының басында біздің елімізде мұғалімдер өздерінің кәсіби мерекелерін атап өтеді. Бұл мереке күн сайын өздерін қоғам мен ел үшін қажетті іс – әрекетпен-балаларды тәрбиелеу мен оқытумен, оларды қазіргі қоғамдағы өмірге дайындаумен айналысатын адамдарды біріктіреді. Бұл кәсіпте кездейсоқ адамдар жоқ.

22 қыркүйек пен 1 қазан аралығында оқушылардың, мұғалімдер мен ата-аналардың қарым-қатынас сапасы мен өзара түсінушілігін жақсарту мақсатында бірқатар іс-шаралар өткізілді. 22 қыркүйек күні аудандық білім бөлімінің жоспарына сәйкес мектепте мұғалімдер күніне арналған іс-шаралар жоспары құрылды.

22-27 қыркүйек аралығында мұғалімдер ұжымы  "Қызықты үзіліс" атты челленджіне қатысты. Аталған челленджге дене шынықтыру пәнінің мұғалімі О. Т. Филипенко, тәлімгер Т. Д. Бұғыбай, бастауыш сынып мұғалімі А. Ж. Дюсекеева қатысты.

11 "А" сынып оқушылары сынып жетекшісі А.Б. Болдыревамен бірге бірлесіп "Ұстаз - шебер және жасампаз"  бейне құттықтауын дайындады, 1 қазан күні фойеде мектеп түлектері мұғалімдерді құттықтады.

2 қазанда сынып жетекшілері оқушылармен бірге алғыс, құрмет және ризашылық сөздерімен құттықтау хаттарын дайындап, педагогикалық еңбек ардагерлерін құттықтады.

28 қыркүйекте бастауыш сынып оқушылары арасында "Сүйікті ұстазыма сыйлық" атты табиғи материалдардан аппликация көрмесі өтті. Комиссия шешімінің қорытындысы бойынша қатысушылардың үздік жұмыстары таңдалып, жүлделі орындар берілді.

1 қазан өзін-өзі басқару күні "Дублер" болды , 11 сынып оқушылары мұғалімнің рөлін "сынап көрді". Бұл іс-шара үзіліссіз өтті. Оқушылар кестеге сәйкес 1-6 сыныптарда сабақ өткізді. Тәртіп жақсы болды, мектептің жұмыс режимін бұзу болған жоқ.

Мұғалімдер күнін мерекелеу аясында жоспарға спорттық іс-шаралар да енгізілді. 28 қыркүйек күні дене шынықтыру пәнінің мұғалімі О. Т. Филипенко тоғыз құмалақ бойынша аудандық жарыстарға қатысып, 3 жүлделі орынға ие болды. 29 қыркүйек күні "№1 ЖББМ" және "№2 ЖББМ" мұғалімдері арасында волейболдан достық кездесу өтті. Ойын қорытындысы бойынша бірінші орынды "№2 ЖББМ"командасы иеленді. Сонымен қатар, 1 қазан күні мектеп мұғалімдері мен 11 сынып оқушылары арасында волейболдан ойын өтті. Осы ойынның қорытындысы бойынша мұғалімдер командасы бірінші орынға ие болды. 30 қыркүйекте білім бөлімінің әдістемелік кабинеті мектеп директорларының орынбасарлары үшін фитнес-жаттығу ұйымдастырды. Аталған іс-шараға директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары С. М. Аркенова қатысты.

Сондай-ақ, 2 "б", 3 "а", 3 "г", 4 "в", 4 "б", 6 "б", 9 "б" оқушылары мұғалімдерге арналған бейне құттықтаулар дайындады. Оқушылар сүйікті ұстаздарына өлеңдер, әндер арнады. Мұғалімдер мамандығының өкілдері туралы көптеген жақсы сөздер айтылды.

Ата-аналар қоғамдастығының өкілдері, "Шаңырақ" отбасылық кеңесінің мүшелері мұғалімдерге арналған бейне құттықтаулар дайындады.

3 "г" және 3 "б" сынып оқушылары А. Тасмұхамбетова, Н.Ашкенова "Өз қолымен сыйлық" шеберлік сабағын дайындады.

Барлық санитарлық шараларды сақтай отырып, мерекелік күннің соңында салтанатты жиналыс өтті, онда мектеп директоры Б.Б. Мағзұмов барлық педагогтарды мерекемен құттықтады, жұмыстағы жетістіктері үшін мұғалімдерді марапаттау рәсімі өтті. Келесі мұғалімдер мадақтамамен марапатталды: Курманова А. С., Груднина О. Г., Муратова А. Е., Жәнібекова Б. Е., Кириенко Р. А., Бекова А. К., Плеханова И. Л., Мисенко Л. Н., Каримова А. Х., Герасимов Ю. В., Машевская И. И.

Мектеп президенті және "Жас Ұлан" РБЖҰ көшбасшысы, 10 "А" сынып оқушысы Жасуланова Дариға аудандық "Маяк"газетіне Ұстаздар күнімен құттықтады.

Өткізілген іс-шаралар туралы ақпарат мектеп беттерінде және әлеуметтік желілерде жарияланды.

Мектеп директоры                                Б. Б. Мағзұмов

Жаңартылған күні: 05.10.2021 11:57
Құрылған күні: 05.10.2021 11:57

Текст