«Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Астрахан ауылының № 2 жалпы орта білім беретін  мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 2 села Астраханка отдела образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желілерде

      

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

2021 жылғы 20-22 наурыз аралығында «Астрахан ауылы, №2 жалпы білім беретін мектеп» КММ оқушылар арасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу шеңберінде Наурыз Мейрамы мерекесінде наурыз айында өткізілген іс-шаралар туралы ақпарат

 2021 жылғы 20-22 наурыз аралығында «Астрахан ауылы, №2 жалпы білім беретін мектеп» КММ оқушылар арасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу шеңберінде Наурыз Мейрамы  мерекесінде наурыз айында өткізілген іс-шаралар туралы ақпарат

Наурыз мейрамын мерекелеу тұжырымдамасына және Астрахан ауданының білім бөлімінің жоспарына сәйкес мектепте Наурыз мейрамын тойлау бойынша онкүндік жоспары әзірленді.

Наурыз Мейрамы-Қазақстанда көктемгі жаңару мерекесі. Осы мерекеге арналған іс-шаралар мұқият жоспарланды және қызықты өткізілді. Барлық іс – шаралардың негізгі мақсаты-Қазақстан жерінде бейбітшілік пен достықты нығайту, ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетін тәрбиелеу, қазақ халқының мәдени мұрасын құрметтеуге тәрбиелеу, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.

20 наурыз - "Даналық пен Білім күні". Балалардың зияткерлік әлеуетін дамыту мақсатында ұлттық фольклормен танысу жүргізілді. Бұл күні сыныптарда мақал-мәтелдер, жұмбақтар оқылды. Бастауыш сынып мұғалімі Обгольц Л.А. оқушыларымен "Қазақ мақал-мәтелдері" атты іс-шара өткізді. Бастауыш сынып мұғалімі Горошенко Н. В.оқушылармен "Қара жорға" ұлттық биінің шеберлік сабағын өткізді. Бастауыш сынып мұғалімдері К.Г. Скобликова мен А.Е.Абышева өз оқушыларымен "Наурыз мейрамы" викторинасын өткізді. Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдері 5-9 сынып оқушыларымен "Ата өсиеттері" тақырыбында эссе жазды.

21 Наурыз "Ұлттық тағамдар күні". Бұл күні әр үйде қазақтың ұлттық тағамдары дайындалады. Ұлттық тағамдар күніне орай 1-11 сынып оқушылары  "Ас адамның арқауы!» челленджіне қатысты.

           22 наурыз "Ұлыстың ұлы күні". Жоспарға сәйкес оқушылар ұжымынан сынып жетекшілерімен бірлесіп Наурыз мерекесімен бейнеқұттықтаулар дайындалды. 3 "б" сынып оқушылары Қазақстан аумағында тұратын түрлі ұлттардан бейнеқұттықтаулар дайындады. Барлық дайындалған бейнеқұттықтаулар мереке тақырыбына сәйкес келді және терең мазмұнға ие болды.

 

ТЖ ісі жөніндегі дтректор орынбасарлары: С.Аркенова;                                         Т.Путинцева

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жаңартылған күні: 29.03.2021 15:06
Құрылған күні: 29.03.2021 15:06

Текст