«Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Астрахан ауылының № 2 жалпы орта білім беретін  мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 2 села Астраханка отдела образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желілерде

      

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Астрахан ауылы, №2 жалпы білім беретін мектеп" КММ оқушылары арасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу шеңберінде қараша айында өткізілген іс-шаралар туралы ақпарат

"Астрахан ауылы, №2 жалпы білім беретін мектеп" КММ оқушылары арасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу шеңберінде қараша айында өткізілген іс-шаралар туралы ақпарат

22 қараша күні Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында 7 "в" сыныбының сынып жетекшісі Д.Б. Тажина "Экология және Біз" атты ашық аудандық сынып сағатын өткізді, сынып сағаты зум интернет платформасының көмегімен онлайн режимде өтті. Сынып сағатының мақсаты балалардың экологиялық заңдар туралы түсініктерін кеңейту; отансүйгіштікке және туған табиғатқа ізгілікті қарауға тәрбиелеуге ықпал ету. Осы күні мектеп кітапханашысы Н.А. Кулакова 1990-1998 жылдар аралығында Қазақстан тәуелсіздігінің қалыптасуының барлық негізгі кезеңдері көрсетілген "тәуелсіздік жолында" слайд көрмесін дайындады.

 29 қараша күні Тұңғыш Президент күніне орай, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігін мерекелеу аясында оқушылардың бойында патриотизм, бейбітшілік, ұлттық келісім, белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыру, сондай-ақ қазақ халқының Көшбасшысы, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың білімін кеңейту мақсатында 2-7 сынып оқушыларымен сынып жетекшілері "Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің жолы" тақырыбында "Президенттің уақыт пен өзі туралы толғанысы"атты фильм мен бейнеролик көрсете отырып, сынып сағаттарын өткізді. Мектеп кітапханасында "Тұңғыш Президент жолы" атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрменің негізгі басымдықтары-Тұңғыш Президенттің өмірбаянымен, идеяларымен және бастамаларымен танысу.

29 қараша күні мектеп тәлімгері Т.Д. Бұғыбай мектеп көшбасшысымен А. Әбілқасовпен аудандық "Сал домбыра-Сарыарқа" челленджіне қатысты, аталған іс-шара Тәуелсіздіктің мерейтойлық күніне арналды. 

Жоспарланған іс-шаралардың негізгі идеясы жастардың патриотизм проблемаларына деген көзқарасын анықтау, оқушылардың Отан, патриот, отан алдындағы парызы ұғымдарын түсінуіне ықпал ету, азаматтық жауапкершілікті, Отанға деген құрметті тәрбиелеу.  Өткізілген іс-шаралардың көмегімен қойылған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізілді.

Жаңартылған күні: 06.12.2021 11:37
Құрылған күні: 06.12.2021 11:37

Текст