«Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Астрахан ауылының № 2 жалпы орта білім беретін  мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 2 села Астраханка отдела образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желілерде

      

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

2021 жылғы 6-10 желтоқсан аралығында "Астрахан ауылының №2 ЖББМ" КММ оқушылары арасында "Вейп денсаулыққа өте қауіпті!» өткізілген іс-шаралар туралы ақпарат

2021 жылғы 6-10 желтоқсан аралығында "Астрахан ауылының №2 ЖББМ" КММ оқушылары арасында "Вейп денсаулыққа өте қауіпті!» өткізілген іс-шаралар туралы  ақпарат

Темекі шегуден, алкогольден және есірткіден саналы түрде бас тарту сау адамның қалыптасуының маңызды аспектілері болып табылады. Сондықтан нашақорлықтың, маскүнемдіктің және темекі шегудің алдын алу мектептегі тәрбие жұмысының басым бағыттарының бірі болып табылады. Осыған байланысты Ақмола облысы Білім басқармасының №06-05/8198 хаты негізінде 6-10 желтоқсан аралығында мектепте Салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында "Вейп денсаулық үшін өте қауіпті!» жұмыс жоспары әзірленді Әзірленген жоспар бойынша келесі іс-шаралар өткізілді:

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары С.Аркенова,Т. Путинцева, әлеуметтік педагог О. Зелинская мектептегі әлеуметтік желілердің көмегімен ақпараттық - түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Темекі шегудің және электронды темекінің адам үшін зияны туралы бейне роликтер, презентациялар оқушылар мен ата-аналар чаттарына жіберілді.

           Әлеуметтік педагог О.Зелинская балалардың электронды темекі – вейптің зиянды әсері туралы түсініктерін кеңейту мақсатында 6-10 желтоқсан аралығында мектеп оқушыларымен топтық және жеке әңгімелер өткізді. 6 желтоқсан күні 8 "в" және 6 "в" сынып оқушыларымен "Темекі шегудің және алкогольдің адам ағзасына зияны"атты әңгіме жүргізілді. 8 желтоқсанда 8 "а" және 9 "б" оқушыларымен "Вейп денсаулық үшін өте қауіпті" әңгімесін, 9 желтоқсанда 7 "в" сынып оқушыларымен және МІБ тұрған және басқа оқушылармен "Вейп денсаулық үшін өте қауіпті" тақырыбында жеке әңгіме өткізді. 

 10 желтоқсанда директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары 8-11 сынып жетекшілерімен бірлесіп, 13-17 жас аралығындағы темекі шегу мәселесі бойынша сауалнама жүргізді. Савуалнамаға 108 мектеп оқушылары қатысты. Сауалнама қорытындысы бойынша мектептегі проблеманың диагностикасы жасалды.  Сауалнама нәтижелері көрсеткендей, темекі шегудің зияны туралы ақпарат бар, бірақ толық емес, және бұл мәселеде аз ғана бөлігі жақсы бағдарланған. Мәселе осы кезеңде өте өзекті, оны қарастыру және шешу қажет. Өйткені, жасөспірімдердің көпшілігі темекі шегу керемет және сәнді, компания үшін қызықты деп санайды, бірақ шын мәнінде, қазіргі кезеңде сән өзгерді. Әрқашан пайдалы нәрселерге қызығушылық танытыңыз. Сауалнама деректері жасөспірімдердегі жаман әдеттің себептерін анықтауға көмектесті.Болашақта қандай бағытта жұмыс істеу керектігін анықталды. 

Мектеп директоры Б.Мағзұмов, директордың орынбасары С. Аркенова, Г. Хохрякова, әлеуметтік педагог О. Зелинская 10-11 сынып оқушыларымен "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" ҚР Кодексі туралы түсіндірме әңгіме өткізді. Сондай-ақ, 110-бап 5-тармақ "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" ҚР Кодексі орта және жоғары буындағы ата-аналар мен оқушылар сыныптарына жіберілді.

10 желтоқсанда мектеп президенті Д. Жасұланова "Спорт және СӨС" фракциясымен бірлесіп "Вейп денсаулық үшін қауіпті!» флеш-моб ұйымдастырды.

Барлық атқарылған жұмыс оқушылардың зиянды әдеттерге қарсы тұруға және олармен күресуге, жаман әдеттер адамның болашағына әсерін түсінуге бағытталған.

     Осылайша, аптаны өткізуге қатысқан оқушылырдың 70% - ы (4-11 сыныптар) қатысты, іс-шара жоспары толық орындалды, қойылған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізілді. Атқарылған жұмыстар туралы ақпарат мектептің ресми интернет беттерінде жарияланды.

 

   

 

       Мектеп директоры                            Б. Мағзұмов

Жаңартылған күні: 14.12.2021 12:27
Құрылған күні: 14.12.2021 12:27

Текст