«Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Астрахан ауылының № 2 жалпы орта білім беретін  мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 2 села Астраханка отдела образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желілерде

      

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Астрахан ауылының №2 ЖББМ" КММ оқушылары арасында Жалпыадамзаттық құндылықтар күніне арналған өткізілген іс-шаралар туралы ақпарат.

"Астрахан ауылының №2 ЖББМ" КММ оқушылары арасында Жалпыадамзаттық құндылықтар күніне арналған өткізілген іс-шаралар туралы ақпарат.

Білім басқармасының №06-04/6708 хаты негізінде мектепте жалпыадамзаттық құндылықтар күні аясында ең жақсы адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру мақсатында іс-шаралар жоспары әзірленді.

22 қараша күні 2-6 сынып жетекшілері "Сүйіспеншілік - адамның басты қасиеті, ақиқат - оның негізі, дұрыс әрекет - оның шынай өмірі" атты сынып сағаттарын өткізді. Сынып сағаттарында оқушылар бақыт, патриотизм, мейірімділік, достық, жауапкершілік және т.б. сияқты жалпыадамзаттық құндылықтарды қалыптастырды.

22-23 қараша күні өзін-өзі тану мұғалімдері сабақтарда шығармалар, эсселер жазды, суреттер салды, жалпыадамзаттық құндылықтарға арналған аппликациялар жасады. Өзін-өзі тану мұғалімі Муратова А.Е. 7 "Б" сыныбында 22 қараша күні жалпыадамзаттық құндылықтарға арналған эссе байқауын өткізді. Байқауға 17 адам қатысты. Келесі оқушылардың үздік жұмыстары анықталды: Гридасова Е, Искакова А, Кречун М, Баева Д.

 Мектеп кітапханасында рухани-адамгершілік тәрбие бойынша кітаптар көрмесні ұйымдастырылды.

1-11 сынып оқушылары арасында ата-аналармен "Баланың бал шағы" атты бірлескен іс-шара өтті. Бұл іс-шараның міндеті фотосуреттер көмегімен балалар мен ата-аналардың бақытты сәттерін көрсету. Іс-шараның мақсаты балаларға жақындарына, отбасына және үйіне деген сүйіспеншілік сияқты құндылықтарды дарыту.

1-4 сынып жетекшілері "Жүрек қуанышы" атты шығармашылық жұмыстар көрмесін ұйымдастырды.

Өткізілген әрбір іс-шарада "отбасы", "махаббат" түсінігі ашылды. Олардың функциялары туралы түсінік берілді, отбасы мүшелеріне деген сүйіспеншілік сезімі, олардың жетістіктері үшін мақтаныш сезімі тәрбиеленді, төзімділік дағдылары дамыды, болашақта отбасын құруға жауапты көзқарас, ата-аналар алдындағы моральдық парыз қалыптасты.

Барлық өткізілген іс-шаралар тақырыпқа сәйкес келді және барлық мектеп интернет беттерінде қойылды.

 

 

Мектеп директоры                               Б.Магзумов

Жаңартылған күні: 24.11.2021 09:12
Құрылған күні: 24.11.2021 09:12

Текст