«Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Астрахан ауылының № 2 жалпы орта білім беретін  мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 2 села Астраханка отдела образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желілерде

      

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Астрахан ауылының №2 ЖББМ» КММ оқушылары арасында Ауғанстаннан әскерлерді шығару күніне арналған іс-шаралар туралы ақпарат.

«Астрахан ауылының №2 ЖББМ» КММ оқушылары арасында Ауғанстаннан әскерлерді шығару күніне арналған іс-шаралар туралы ақпарат.

15 ақпанда Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 33 жыл толады. Тәрбие жұмысының жоспары бойынша мектепте Ауғанстаннан әскерлерді шығаруға арналған бірқатар іс-шаралар өткізілді.

Осы оқиғаларды еске алу үшін АӘТД мұғалімі Ю.В. Герасимов 9 ақпанда Ауған соғысының ардагерлерімен- жерлестерімен кездесу ұйымдастырды. Кездесуге 10 сынып оқушылары қатысты. Кездесу барысында жерлестер Ауғанстандағы сарбаздар мен офицерлердің қаншалықты қиын болғанын, олар қандай миссияны орындағанын, қарапайым ауған халқының Кеңес әскеріне қатынасы туралы айтып берді, барлық жергілікті соғыстар мен қақтығыстарда қаза тапқандарды бір минут үнсіздікпен еске алды.

Мектеп оқушыларының бойында азаматтық пен патриотизмді, борыш сезімін, батырлықты интернационалист жауынгерлердің жеке мысалдарымен тәрбиелеу, өткен ғасырдың тарихына қызығушылықты дамыту мақсатында 14 ақпанда 1-11 сыныптарда Ауған соғысына арналған тақырыбында сынып сағаттары өтті.

Мектеп кітапханасында "Ауған жауынгерлерін еске алу күні" атты иллюстрациялық көрме ұйымдастырылды. Онда өз борышын соңына дейін орындағандардың жауынгерлік өткенін көрсететін құжаттар ұсынылған. Оқырмандар авторлардың шығармаларымен, сол соғыстың куәгерлерімен, сондай-ақ деректі және көркем шығармалармен танысты.

14 ақпан күні аудандық орталық кітапханада Ауғанстаннан әскерлерді шығару күніне арналған іс-шара өтті, іс-шараға біздің мектептің 9 сынып оқушылары қатысты.

15 ақпанда 10 сынып оқушылары Ауғаныстаннан Кеңес әскерлерінің шығарылуының 33 жылдығына арналған интернационалист жауынгерлердің ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты. Интернационалист-жауынгерлерге, қаза тапқандарға, қайтып оралғандарға, бірақ бүгінгі күнге дейін жетпегендерге құрмет ретінде бір минут үнсіздікпен еске алынды.

Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылған күнінен бастап 33 жыл өтті. Уақыт өтіп, Ауған соғысы тарихқа енді. Сол оқиғаларды еске алу тек обелисктер мен ескерткіштерде ғана емес, біздің жүрегімізде, жас ұрпақтың жүрегіндегі адамгершілік тазалығы мен батырлығымен жанасатын әндерде өмір сүреді.

Барлық іс-шаралар оқушыларды Ауғанстандағы соғыстың тарихымен таныстыруға, патриотизмді қалыптастыруға және Отанды қорғауға дайындыққа бағытталған.

Барлық жүргізілген жұмыстар мектептің ресми интернет парақшаларына жарияланған.

Қойылған мақсаттар мен міндеттер өткізілген іс-шаралардың көмегімен қол жеткізілді.

Алға қойылатын мақсат, осы бағыттағы жұмысты одан әрі жалғастыру және оқушылардың мектеп іс-шараларына қатысуын жандандыру.

Жаңартылған күні: 16.02.2022 11:41
Құрылған күні: 16.02.2022 11:41

Текст