«Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Астрахан ауылының № 2 жалпы орта білім беретін  мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 2 села Астраханка отдела образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желілерде

      

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Астрахан ауылы, №2 ЖББМ» КММ оқушылары арасында, жалпы республикалық экологиялық білім беру апталығында өткізілген іс-шаралары туралы ақпарат.

«Астрахан ауылы, №2 ЖББМ» КММ оқушылары арасында,  жалпы республикалық экологиялық білім беру апталығында өткізілген іс-шаралары туралы ақпарат.

Мектепте экологиялық білім берудің жалпы республикалық аптасын өткізу тұжырымдамасына сәйкес мектепте іс-шаралар жоспары жасалды. Аптаның тақырыбы "Біз болашаққа жауаптымыз". Апталықтың мақсаты: адамның табиғатпен қарым-қатынасы туралы негізгі идеяларды қалыптастыру, экологиялық мәдениетті, салауатты өмір салтын қалыптастыру, өмірдің мәні мен экологиялық мәселелерді түсіну негізінде адамгершілік және экологиялық жауапкершілікті тұлға ретінде қалыптастыру.

26 сәуірде, аптаның ашылуы қашықтықтан өтті, 1-11 сынып оқушылары «Жер біздің ортақ үйіміз» атты бейнероликті тамашалады. Мектеп кітапханасында «Табиғат туралы не білеміз» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Іс-шаралар жоспарына сәйкес, 1-4 сыныптарда Рухани Жаңғыру бағдарламасы аясында «Менің туған өлкем» атты сынып сағаты,   5-6 сыныптарда «Планетаның барлық балаларын не біріктіреді?» атты ойын, бұл іс-шараның мақсаты, ойын арқылы балаларға ұлтына, жынысына немесе этникалық тобына қарамастан әлемдегі барлық балалардың ұқсастықтарын көруге көмектесу, 7-8 сыныптарда «Табиғатпен келісімде өмір сүру» викторинасы өтті, бұл іс-шараның мақсаты аймақтың экологиялық проблемалары туралы білімдерін кеңейту және тереңдету, табиғатқа ұқыпты қарауға тәрбиелеу, 9-11 сыныптарда зум платформасында, «Болашақ энергетикасы» атты диалог алаңы өтті.

27 сәуір күні 2 "а", 2 "б", 1"б", 3 "а" сынып оқушылары «Біздің үй жануарлары» атты үздік сурет байқауына қатысты, сынып жетекшілері Абышева А. Е., Кириенко Р. А., Соломянникова Т. М., Машевская И. И. 3 "б" сынып оқушылары «Мен табиғатты аялаймын», «Бұл әлем қандай керемет» атты эко-плакаттар дайындады, сынып жетекшісі Груднина О. Г.

28 сәуір күні  6 "а" сынып оқушылары  «Тұрмыстық қалдықтардың екінші өмірі» атты виртуалды қолөнер көрмесіне қатысты, сынып жетекшісі, Хохрякова Г. В.

29 сәуір күні 5 "а" сынып оқушылары "Жер біздің ортақ үйіміз" атты бейнеролик дайындады, сынып жетекшісі Бекова А. К.

30 сәуір күні 1-11 сынып оқушылары ата-аналарымен бірлесіп,үйдің аумағын абаттандыру және аумақты тазалау жұмыстары бойынша челленджге қатысты.

Апталықты өткізу нәтижесінде, оқушылар практикалық дағдыларды дамыту және табиғи ресурстарды сақтауға саналы көзқарас қалыптастырды. Жоспарланған іс-шаралардың көмегімен қойылған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізілді.

Атқарылған барлық жұмыстар мектептің әлеуметтік желілеріне жарияланды.

    

Мектеп директоры                                        А. Курманова

Жаңартылған күні: 04.05.2021 09:23
Құрылған күні: 04.05.2021 09:23

Текст