«Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Астрахан ауылының № 2 жалпы орта білім беретін  мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 2 села Астраханка отдела образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желілерде

      

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған іс-шараларды өткізу туралы ақпарат

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған іс-шараларды өткізу туралы ақпарат

"№2 Астрахан орта мектебі" ММ-де өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие беруге, жоғары патриоттық сананы, өз елі үшін мақтаныш сезімін қалыптастыруға үлкен мән беріледі. Осы мақсатта мектепте ҚР Тәуелсіздік күніне арналған іс-шаралар жоспары жасалып, бекітілді. 2020 жылдың 4-18 желтоқсан аралығында барлық сыныптарда оқушылардың патриоттық тәрбиесіне арналған іс-шаралар өткізілді. Негізгі мақсаты мемлекеттілікті, Қазақстан халықтарының бірлігін нығайту.

 Мектеп кітапханашысы  Н.Кулакова «Менің Отаным Қазақстан»  атты кітап көрмесін ұйымдастырды, оның құрамына Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде дамуы мен қалыптасу кезеңіне арналған кітаптар кірді.

14 желтоқсанда "Тәуелсіздік жолы" бейнеролигінің көрсетілуімен "Тәуелсіз елім Қазақстан" атты сынып сағаттары өтті. Сынып жетекшілері мемлекеттің қалыптасу тарихы туралы презентациялар, бейнероликтер дайындады.

Өз елі үшін, эмоциялық асқақтықты, мақтаныш сезімін қалыптастыруға ықпал ету үшін "Жас қыран" қатарына қабылдауға арналған салтанатты жиын өткізілді  . "Жас Қыранға" мектептің қоғамдық өміріндегі белсенділігі мен үлгерімімен ерекшеленген 3 сынып оқушылары қабылданды.

11 желтоқсанда "Менің туған үйім - Қазақстан Республикасы" атты мәнерлеп оқу сайысы өтті. 6 "В" сынып оқушылары Кусаин Амина, Иванчихин Кирилл, Шагалиев Эльдар, Мухамбаев Магзум сайысқа қатысып, орындау мәнерлілігімен таңқалдырды.

Музыкалық жетекшісі А. Кусмадиева және "Хрустальный голосок" музыкалық үйірмесінің қатысушылары З. Шапеева; А Дегтеренко; А. Фисько; С. Байбулова  «Тіл Тәуелсіздік тірегі!» атты музыкалық құттықтау әзірледі.

Бастауыш сынып оқушылары арасында " Тұғыры биік-Тәуелсіздік!» сурет көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге қатысушылар жұмыстарында туған өлкеге деген сүйіспеншілігін, өз Отаны үшін мақтаныш сезімін көрсетті, жарқын бояуларында Қазақстан табиғатының сұлулығы мен ұлылығын көрсетті. Сондай-ақ оқушылардың шығармашылық жұмыстары аудандық, республикалық  «Алға Қазақстан!»  сурет байқауларына қатысты.

Мектеп мұғалімдері Қ.Зейнелхан, А.Болдырева, Н.Мұхаметжанова, Н.Кулакова және ата-аналар қауымдастығының өкілдері Г. Шонабаева, А. Мусина, Р. Шарга Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен бейнеқұттықтама жазды.

Мереке қарсаңында "Шаңырақ" отбасылық кеңесінің басшысы О.Груднина мерекемен құттықтап, кеңестің бірінші отырысын өткізді.

15 желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай Көкшетау қаласындағы "Болашақ сарайы" оқушылар мен студенттер сарайында облыс әкімі Е.Маржықпаевтың қатысуымен "Ел Үміті" жобаларының үздік қатысушыларын қола медальмен марапаттау рәсімі өтті. Барлық жетістіктерді ескере отырып, Ақмола облысы медалистерінің ондығына 11 сынып оқушысы кіріп, Дильназ Момышева "Елбасы" медалімен марапатталды. Сондай-ақ, "Мың бала" ұлттық Олимпиадасының финалдық кезеңі аяқталды және олимпиада қорытындысы бойынша М.Миренков пен А. Омралинова оқушылары 1000 жеңімпазға кіріп, Ұлттық олимпиаданың жүлдегерлері атанды. Оқушыларға диплом мен бағалы ноутбук сыйға тартылды.

Өткізілген іс-шараларға тек мектеп мұғалімдері мен оқушылары ғана емес, сондай-ақ қатысуға өте қызығушылық танытқан ата-аналары да қатысты. Өйткені, іс-шаралардың мазмұны әртүрлі сипатта болды.

Жоғарыда аталған барлық іс-шаралар оқушылардың бойында патриотизмді тәрбиелеуге, мемлекетке құрметпен қарауды дамытуға, халықтың салт-дәстүрлеріне оң көзқарас қалыптастыруға, Отан тағдырына қатыстылық сезімін дамытуға ықпал етті.

Өткізілген іс-шаралар туралы ақпарат мектептің ресми сайтында және фейсбук пен Instagram беттерінде орналастырылды. Оқушылардың қамтылуы 1-11 сыныптар.

Жаңартылған күні: 21.12.2020 12:14
Құрылған күні: 21.12.2020 12:14

Текст