«Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Астрахан ауылының № 2 жалпы орта білім беретін  мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 2 села Астраханка отдела образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желілерде

      

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Астрахан ауылының №2 ЖББМ» КММ оқушылары арасында «Қауіпсіз интернет» алдын алу және өмірге құндылық қатынасты дамыту бойынша атқарылған жұмыстар туралы ақпарат.

«Астрахан ауылының №2 ЖББМ» КММ оқушылары арасында «Қауіпсіз интернет» алдын алу және өмірге құндылық қатынасты дамыту бойынша атқарылған жұмыстар туралы ақпарат.

Бұл іс-шаралардың мақсаты балаларды интернеттің зияны мен пайдасы туралы ақпараттандыру; зиянды әдеттерге саналы көзқарасты дамыту; салауатты өмір салтына ынталандыру болды. Іс-шараларды өткізу кезінде негізінен Интернет желісін пайдаланушының мәдениеті, контентті қорғау, авторлық құқықтарды қорғау, әлеуметтік желілерде өзін қалай қауіпсіз және сауатты ұстау, әлеуметтік желілерде қарым-қатынасты қалай пайдалы ету сияқты мәселелер қозғалды.

Ата-аналармен әңгімелесу барысында сынып жетекшілері Интернетте балаларды қандай қауіп-қатерден, баланы желінің зиянды әсерінен қалай қорғауға болатындығы туралы кеңестер берді. Ата-аналар чаттарына "Интернет жағымды және жағымсыз жақтары" брошюралары жіберілді. Информатика мұғалімдері информатика сабақтарында оқушылармен "Интернеттегі қауіпсіздік", "Желілік қарым-қатынас ережелері", "Қазіргі мектептегі Интернет", "Интернет және менің денсаулығым"атты әңгімелер өткізді.

Оқушыларды салауатты өмір салтына ынталандыру және өмірге құндылық қатынасын дамыту мақсатында 1-2 сынып жетекшілері 16 қазан күні "Балалар нені армандайды"атты іс-шара өткізді. 11 қазанда әлеуметтік педагог О.М. Зелинская 9 "б" сынып оқушыларымен "Пайдалы және зиянды әдеттер туралы" әңгіме өткізді. Әңгіме барысында балалар материалды меңгерудің жақсы деңгейін көрсетті. Оқу мәртебесін арттыру, балалардың мәдени және оқу құзыреттілігін дамыту, сондай-ақ өскелең ұрпақты Интернетке тәуелділіктен алшақтату мақсатында кітапханашы Н.А. Кулакова оқырмандық белсенділікті дамыту бойынша іс-шараларды тұрақты түрде өткізіп тұрады. Дене шынықтыру мұғалімдері спорттың әртүрлі түрлері бойынша жарыстар өткізеді, сондай-ақ мектепте кестеге сәйкес оқушылар үшін қосымша спорттық сабақтар өткізіледі.

 Мектеп директоры                                    Б.Магзумов

Орынд: С.Аркенова; Т.Путинцева

 

Жаңартылған күні: 23.11.2021 15:10
Құрылған күні: 23.11.2021 15:10

Текст