«Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Астрахан ауылының № 2 жалпы орта білім беретін  мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 2 села Астраханка отдела образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желілерде

      

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

№ 2 Астрахан орта мектебінде Р Тәуелсіздік күнін мерекелеу шеңберінде өткізілген іс-шаралар туралы ақпарат

ыыыыыыыыыыыыыыыы

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жиырма сегізінші жылдығына орай мектепте «Менің Тәуелсіз Қазақстаным» атты мерекелік іс-шара, «Менің тәуелсіз мемлекетім» балалар суретінің байқауы, «Менің мемлекетімнің тарихы» зияткерлік ойыны, «Қазақстанның дамуы жастар қолында» дебат, «Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 шыңы» диалогтық алаңы, шығармашылық үйінде мұражай сабағы, «Біз Тәуелсіз Қазақстанның болашағымыз» флеш-мобы, тақырыптық сынып сағаттары, кітап көрмесі және спорттық жарыстар өткізілді.

9 желтоқсан күні 10 сынып оқушылары тарих мұғалімі Н. С. Мұхамеджанова ұйымдастырған «Менің мемлекетімнің тарихы» атты зияткерлік ойынына қатысты. Балалар Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған өлеңдер дайындап, мемлекетіміздің көпұлтты жағдайы туралы хабарлама жасады, соңында барлық қатысушылар ойын сұрақтарына жауап берді және іс-шарадан кейін алған әсерлері туралы айтты.

Мектеп фойесінде бейнелеу өнері мұғалімі В. К. Асмуспен 5-6 сынып оқушылары арасында «Менің тәуелсіз мемлекетім» атты сурет байқауы ұйымдастырылды, оқушылар өз суреттерінде ҚР Мемлекеттік рәміздерін, Елордамыздың көрнекті жерлерін және әдемі табиғатын бейнелеген.

9-14 желтоқсан аралығында мектеп кітапханасында Н. А. Кулакованың «Ұлы Дала елі» атты кітап көрмесі дайындалды, көрмеде оқырмандарға біздің ел, ҚР халықтарының мәдениеті, салт-дәстүрлері туралы әдебиеттерді ұсынды.

Тәуелсіздік күніне орай дене шынықтыру мұғалімдері О. Т. Филипенко, М. С. Құрманов, Х. Г. Джазин және А. Г. Нахбауэр ұлттық спорт түрлері бойынша спорттық іс-шаралар өткізді.

9-13 желтоқсан аралығында 1-11 сыныптарда сынып жетекшілері ҚР Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіз тірегім», «Менің мемлекетімнің тарихы», «Қазақстанның даму кезеңдері» атты тақырыптық сынып сағаттарын өткізді.

9 желтоқсан күні сынып жетекшілері 1 сынып оқушылары арасында «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің қалыптасуы» тақырыбында әңгіме жүргізіп, видеоролик көрсетті.

10 желтоқсанда НұрОтан партиясы ғимаратында «Нұр Отан» партиясы Астрахан аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары К. С. Сүлейменовпен 11 сынып оқушылары арасында диалог алаңы өтті.

 13 желтоқсан күні 5 «В» және 5 «Б» сынып оқушылары шығармашылық үйінің мұражай сабағына қатысты. Осы күні тарих мұғалімдері 11 сыныпта «Қазақстанның дамуы жастардың қолында» тақырыбында дебат өткізді.

 11-12 желтоқсанда мәжіліс залында «Менің Тәуелсіз Қазақстаным» атты екі салтанатты іс-шара өтті, оның барысында біздің мектеп оқушылары өлеңдер оқыды, біздің Отан туралы әндер айтты, Шыңғысхан туралы көрініс көрсетті, ұлттық би биледі, бір-біріне бейбітшілік пен гүлдену, тұрақтылық пен келісім тілейді, сонымен қатар облыстық, аудандық және мектепішілік іс-шараларға белсенді қатысқан балаларды марапаттау рәсімі өтті.

Тәуелсіздік күніне арналған апталық 9-11 сынып оқушылары арасында «Біз Тәуелсіз Қазақстанның болашағымыз» атты флэшмобпен аяқталды.

Жаңартылған күні: 18.12.2019 11:38
Құрылған күні: 18.12.2019 11:38

Текст