"Астрахан ауылының, №2 ЖББМ" КММ оқушылары арасында, 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнін мерекелеу аясында, өткізілген іс-шаралар туралы ақпараты.
Іс-шаралар жоспарына сәйкес 29 сәуір мен 3 мамыр аралығында барлық іс-шаралар қашықтықтан өтті.
1 "а", 2 "а", 7 "б" сыныптарында "Достық шаңырағының астында" атты сыныптан тыс іс-шара өткізілді. Іс-шараның мақсаты: оқушылардың Қазақстанның мемлекеттік мерекелері туралы білімдерін кеңейту, балалар арасында достық қарым-қатынасты қалыптастыру, бір-біріне көмектесуге үйрету. Іс-шара қорытындысы бойынша оқушылар "1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні"суреттерін салды.
5-6 сынып оқушылары арасында "Планетаның барлық балаларын не біріктіреді?» атты ойын өткізілді, бұл іс-шараның мақсаты, ойын арқылы балаларға ұлтына, жынысына немесе этникалық тобына қарамастан әлемдегі барлық балалардың ұқсастықтарын көруге көмектесу.
3 "б", 2 "в", 9 "б", 1 "в" сынып оқушылары арасында "Қазақстан халықтарының ұлттық салт-дәстүрлері" атты онлайн-челлендж өтті. Мысалы, Экажевтер отбасының оқушылары өздерінің ұлттық салт-дәстүрлерін көрсетті, 9 "б" және 2 "в" сынып оқушылары қазақ халқының "Ерулік", "Сүйінші", "Бота", "Бел көтер", "Бес жақсы" және басқа да салт-дәстүрлерімен таныстырды.
29-30 сәуірде оқушылар арасында "Халықтар достығы туралы мақал-мәтелдер білгірлері" онлайн-челленджі жарияланды, челленджге 5 "А", 4 "а", 6 "в", 2 "б" сынып оқушылары қатысты.
30 Сәуірде 1 "г", 1 "б", 2 "г", 3 "в" сынып оқушылары "Халықтар Достығы" өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Өлеңдерді оқу барысында оқушылар Қазақстан аумағында тұратын түрлі ұлттардың ұллтық киімдерін киді.
5-7 сынып оқушылары арасында "Дәстүрлердің жанды тізбегі" атты игі істер эстафетасы жарияланды, оның аясында балалар ата-аналарына көмектесіп, қарт адамдарға көмек көрсетті.
Мектеп кітапханашысы Н.А.Кулакова "Бірлікте табысқа қол жеткізіледі" атты бейнеролигін дайындады.
Мектеп оқушылары «Бір шаңырақ астында!» қашықтықтан аудандық қолданбалы қолөнер байқауына қатысты.
Мектеп түлектері Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтаулар дайындады.
Өткізілген барлық іс-шаралар достық қарым-қатынасты, құндылықтар мен өзара сыйластық қарым-қатынасты қалыптастыруға, еліміздің аумағында тұратын түрлі ұлт өкілдерін құрметтеуге тәрбиелеуге бағытталған.
Мектеп директоры А. Курманова