«Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Астрахан ауылының № 2 жалпы орта білім беретін  мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 2 села Астраханка отдела образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желілерде

      

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Астрахан № 2 орта мектебінің БҰҰ Бала құқықтары туралы Конвенциясының қабылдануының 30 жылдығын, Дүниежүзілік бала күнін мерекелеуге арналған өткізілген іс-шаралар туралы ақпараты

ыыыыыыыыыыыыыыыы

2019 жылы Бала құқықтары туралы БҰҰ Конвенциясының қабылдануының 30 жылдығы, ҚР Бала құқықтары туралы Конвенцияның ратификациялауының 25 жылдығы атап өтілді. Осы даталарды мерекелеу шеңберінде, іс-шаралар жоспарына сәйкес, 13 қарашада "Қазіргі және болашақ: әр бала үшін қорғалған балалық шақ"атты дүниежүзілік сабақ өткізілді.  4 "б" сыныбында өткізілген сабаққа қонақ Астраханка ауылының әкімі Д. Е. Аменова болды.

Сонымен қатар "Зорлық – зомбылықсыз және қатыгездіксіз балалық шақ" республикалық акциясы аясында "Бақытты балалық шақ", "Отбасы – тәрбие басы"," Конвенция-баланың негізгі құжаты"," Біз бақытты балалық шақ үшін "тақырыптарында сынып сағаттары өткізілді.  Жоғары сынып оқушыларымен тарих мұғалімдері "Мен және менің құқығым"атты дебат өткізді.

Мектеп кітапханашысы 6 "а" сынып оқушыларымен кітапханалық сабақ өткізді, кітапханада "Балалар жазушысы", "БҰҰ Бала құқығы туралы Конвенциясы" атты көрме ұйымдастырылды.

Мектеп психологы мен сынып жетекшілер "Жас ата-аналар мектебі" іс-шарасын өткізді. Онда ата-аналармен әңгіме, балаларды дамыту және тәрбиелеу мәселелері бойынша жеке кеңестер өткізілді.

Айлық шеңберінде "Мейірімді жүрек"," Мейірімді жандар"акциясы өтті. Оның аясында Абрамцо отбасы үшін жылы заттармен, тұрмыстық заттармен көмек көрсетілді.

Сынып ата-аналар жиналыстарында "Баланы тәрбиелеудегі әкенің рөлі", "Үйдегі зорлық-зомбылықты ақтауға болмайды", "Отбасындағы моральдық ахуал", " Қолайлы отбасылық жағдай жасау"тақырыптары көтерілді.  Ата-аналарға "Аа – ананың отбасыдағы рөлі!"атты естеліктер  таратылды.

Мектепте Сенім телефондары және Call-орталықтары бар стенд ресімделді, 1-4 сынып оқушыларының "Бақытты балалық шақ"суреттер көрмесі безендірілді.

Жаңартылған күні: 26.11.2019 13:31
Құрылған күні: 26.11.2019 13:31

Текст