«Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Астрахан ауылының № 2 жалпы орта білім беретін  мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 2 села Астраханка отдела образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желілерде

      

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Астрахан ауданы №2 орта мектебінің " Мектепте қашықтықтан оқыту қалай өтеді? Вирустық аурулардың алдын алу» тақырыпта өткен қашықтық ата-аналар жиналысы туралы ақпарат

ыыыыыыыыыыыыыыыы

 ҚР Білім және ғылым министрлігінің 01.04.2020 жылғы №123 бұйрығына сәйкес 2 сәуір күні 0-11 сыныптарда "Мектепте қашықтықтан оқыту қалай өтеді? Вирусты аурулардың алдын алу" тақырыбында қашықтық ата-аналар жиналысы өтті. Жиналыстарда ата-аналарға Қашықтықтан оқытудың негізгі аспектілері түсіндірілді, оқушылардың күн тәртібі, Қашықтықтан оқытудың негізгі ережелері туралы презентациялар, бейнероликтер көрсетілді. Сондай-ақ, вирустық аурулардың, оның ішінде коронавирустық инфекцияның алдын алу мәселесі қаралды, кезекті негізгі алдын алу шараларымен, Ақмола облысының бас санитарлық дәрігерінің бұйрығын орындау үшін ата-аналардың жауапкершілігімен танысты. Мектеп бойынша ата-аналар жиналысына барлығы 450 адам қатысты.

            Ата-аналар жиналысы Zoom платформасында және ватсап арқылы өтті. Ата-аналар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды: 11 сынып оқушылары қалай бағаланады? ҰБТ мерзімінде өзгерістер бар ма? 4-ші тоқсанда жиынтық бағалау өткізіледі ма? Күнделік арқылы оқушылардың кері байланысын ұсыну туралы сұрақ жиі қойылатын сұрақтардың бірі болды, бағдарлама жиі іркіліс береді, тапсырмалардың кіру және жүктелу проблемалары бар , сондай-ақ интернеттің әлсіз жылдамдығы бар. Барлық сұрақтарға ата-аналар түсінік алды.

 

Директордың ТЖ жөніндегі орынбасары Т. Путинцева

Жаңартылған күні: 06.04.2020 12:02
Құрылған күні: 06.04.2020 12:02

Текст